Табиғат/саяхат ---Құралай


26 September 2022 | By 哈萨克语(kk) | SISU

 

Өткен аптада карантин бітті, мен құрбыммен бірге Лонгтан тауына шықтым. Коронавирусқа байналасты үш айға жуық далаға саяхаттай алмадық,сондықтан тауға шыққан кезіде әдемі жапырақтар да, көрікті гүлдер де көзімізге түсті.Тауда бір ит мұрны өтпейтін қалың орман бар, онда тамаша табиғаттың көрінісінен ләззат алдық . Орманның орталығында Лонгтан деген бір танымал көл орналасқан. Құрбыммен қоршаған ортаны көп суретке түсіріп, көлдің аңызы туралы аңызды естідік. Кешке таудың төбесіне сәтті жеттік,құстың күміс көмейі бізді қуантты. Түнде шатырда жатып, аспандағы жымыңдаған жұлдыздарға қарап, мен мүлдем шаршамадым, тек табиғаттың керемет екенін сездім. Бұрынғы жоғала жаздаған еркіндік тағы пайда болды деп ойлаймын. Келесі күні таңертең құстардың әнінен ояндық. Күннің әдемі шығуын тамашаладық. Сол кезде таң арайлап көкжиектен келіп адамдарға таусылмайтын үміт әкелді дегенін сездік.

Осы сапар арқылы мен табиғаттан бір шындықты білдім: Біз әрқашан болашақты болжау туралы ойлаймыз, бірақ қазір кез үшін өмір сүру керек екенін ұмытамыз. Сондықтан бұдан былай өмірдегі сұлулыққа көбірек көңіл бөліп, табиғаттың керемет екенін көбірек сезінетін боламын.

                                                                 Қазақ тілі мамандығының студенті Ваң Цзинсюян

бөлісу: