Денсаулық---зор байлық ---Құралай


26 September 2022 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Бүкіл дүниеде біз үшін уақыт, ақша, махаббат сияқты маңызды нәрселер өте көп, бірақ менің ойымша, әрбір адам үшін денсаулық алтынға бергісіз байлық дегенге күмәнім жоқ, себебі денсаулық болмаса, ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығын мықты ететін жолдарын қарастыруы керек. Ал қазір мен денсаулықты сақтаудың бірнеше жолымен бөлісейін.

Біріншіден, мықты болу үшін дұрыс тамақтануымыз керек. Күніне үш рет тамақты уақытылы жеуіміз қажет. Қазір көптеген адамдар күнде таңғы ас ішпейді , әсіресе таңертеңгі сабақтарға асығып баратын студенттер немесе бос емес кеңсе қызметкері. Бұл адамның денсаулығына талай зиян тигізеді. Сонымен қатар пайдалы тағамдар таңдауымыз керек . Қатты майлы немесе қатты тәтті тағамдарды көп жеуге болмайды, өйткені тек ғана сапалы тамақтардан қоректене аламыз.

 

Екіншіден, спортпен шұғылданатын адамдар аз ауырады деген шын, демек олар денсаулықтың тұрғысынан басқаларға қарағанда мықтырақ болады. Сол себеппен уақытында дене жаттықтыру бізге өте маңызды. 

 

Үшіншіден, дұрыс ұйқы - денсаулық кепілі. Қазіргі көптеген жастар күннің орнына түнімен жұмыс істеуді ұнатады. Бірақ күн сайын кеш тұрсақ, ағзамыздағы зат алмасу жүйесі бұзылып адамдардың өз жұмысына қызығушылығы, энергиясы жетпейді. Сондықтан жеткілікті ұйқы денсаулықтың кепілі.

 

Денсаулық алтыннан да қымбатты. Мықты денсаулығымыздың арқасында біз терең білім мен табысты өмір сүре аламыз деп сенемін!

                                                            Қазақ тілі мамандығының студенті Ваң Цзинсюян

бөлісу: