Маған терең әсер ететін тарихи тұлға—Лу Син -- Шолпан
06 December 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
Маған терең әсер ететін тарихи тұлға—Лу Син
Қытайдың тарихында көптеген ұлы тұлғалар бар, олар өз ойлары, іс-әрекеттері немесе еңбектерімен сол заманға және кейінгі ұрпаққа терең әсер еткен. Мен үшін Лу Син—мен құрметтейтін және маған үлкен пайда әкелетін тарихи тұлға.
Лу Син Қытайдың қазіргі әдеби саласындағы іргетас қалаушылардың бірі және көрнекті ойшыл. Өткір және терең сыни рухпен ол Қытай қоғамындағы қазіргі жағдайға терең талдау жасады және көптеген ойландыратын көзқарастарды алға тартты. Лу Синнің ойлары Қытай қоғамының қиыншылықтары мен дилеммаларын терең ашты. Көне мешеу қоғамды сынау арқылы ол көне мешеу рәсімдер мен діндердің монтанылығы мен санасыздығын, сондай-ақ билеуші таптың іріп-шіруі мен қабілетсіздігін ашты. Өзінің ерекше қыры мен өткір қылқаламдың арқасында ол әлеуметтік шындықты ашып, адамдарға кең жауап тапқан.
Сонымен қатар, Лу Синнің әдеби шығармалары да маған үлкен шабыт берді және мені терең ойландырды. Оның "Тілек" деген романында Жеңге Сянлиннің мінезін бейнелеу арқылы қоғамның түбіндегі адамдардың қайғы-қасіреті мен амалсыздығын, сондай-ақ көне мешеу рәсімдер мен діннің адамдарды қудалауын көрсетеді. Оның еңбектері қоғамның әділетсіздігі мен қараңғылығын әшкерелейді және адамдардың еркіндік, теңдік пен адамдық құқыққа деген талпынысын қозғады. Сондықтан Лу Синнің ойлары белгілі бір дәрежеде мені қатты шабыттандырды, Оның ойлары мен оның Қытай мәдениетін сынауы маған қатты әсер етті. Ол дәстүрлі Қытай мәдениетінің кемшіліктері мен шектеулерін қарастырды және адамдарды дәстүрлі тұжырымдамалардың бұғауларынан арылуға және жеке тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылуға шақырды.
Жалпы, Лу Синнің рухы мен іс-әрекеті мені әрқашан шабыттандырады, бұл мені шындыққа ұмтылуға, қоғамға назар аударуға және әлеуметтік прогреске жету үшін көп жұмыс істеуге мәжбүр етеді.