Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Лекция: Жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан қатынастары


20 September 2018 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • Жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан қатынастары

  • Жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан қатынастары

  • Жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан қатынастары

Қыркүйектің 15-і күні Қазақстан Еуразия ұлттық университетінің профессоры Светлана Кожирова ханым университетіміздің қазақ тілі мамандығының студенттеріне «Жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан қатынастары» атты лекция оқыды.

Лекция барысында Светлана ханым Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының тарихи эволюциясы арқылы мәңгілік коннотациясын растады және сонымен бірге екі ел халқы арасындағы терең достықты атап өтті. Сонымен қатар, Төраға Си Цзиньпиннің «Назарбаев университетіндегі Жібек жолы экономикалық белдеуі тұжырымдамасы туралы ұсынысы» тақырыбына тоқталып, екіжақты қарым-қатынастар контекстіндегі дамуын айқын көрсетті.

Екі ел 2014 жылдың 8 қыркүйегінде ресми түрде жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатты. Бұл 2011 жылдың 15 маусымынан бастап қалыптасқан стратегиялық серіктестіктің дамуы ғана емес, екі ел арасындағы стратегиялық өзара сенімнің жаңа деңгейге жеткенінің ең жақсы дәлелі болып табылады. Баршамызға белгілі, Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен Президент Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бастамасының түйіскен тұстары көп.Екі ел осы мүмкіндікті пайдаланып, 2012-2014 жылдар аралығында көптеген ынтымақтастықты жүзеге асырды.

Энергетика тұрғысынан Қытай-Қазақстан мұнай құбыры мен табиғи газ құбырының салынуы Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның экономикасының дамуына септігін тигізді. Ал Тасымалдау тұрғысынан Қытай Қазақстанға елдегі алғашқы жүрдек темір жолды салуға көмектесті, ол Қытайдың жоғары деңгейлі өңдеу өнеркәсібінің «жаһандық деңгейге шығу» үшін шынайы талаптарына жауап беріп қана қоймайды, сонымен қатар Қытай үшін мүлдем жаңа ұлттық визит картасын жасауға көмектесті және Қазақстанға тасымалдау тиімділігін арттырды.

Лекция соңында Светлана ханым ұялы телефоны мен киімін де мысалға алып, Huawei сияқты трансұлттық компаниялардың жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан қарым-қатынасындағы маңызды рөлін түсіндірді. Лекциядан кейін студенттердің екі ел арасындағы қарым-қатынасқа деген қызығушылығы артып, бірінен соң бірі сұрақтарын қойып отырды. Светлана ханым студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріп, оларға Қазақстаннан келген шоколадтарды сыйға тартты.

Осы реткі лекция студенттердің қошеметіне ие болды.

 

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading