Уақыт алтыннан да қымбат--Шолпан


18 September 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Уақыт алтыннан да қымбат/Уақытты тиімді пайдалану

       Уақыт алтыннан да қымбат деген мақал бар, мен бұл сөзбен қатты келісемін. кейбір адамдар әрқашан сабаққа кешігіп,оқуға назар аудармай,уақытын босқа өткізеді, сондықтан емтиханда өте төмен нәтиже алады. Керісінше,кейбір адамдар бір уақытта бірнеше түрлі мамандықтарды оқи алады және жақсы нәтижеге қол жеткізеді.Менің ойымша, олар уақытты қалай басқаруды және пайдалануды біледі, сондықтан бір уақытта әртүрлі нәтижелерге жете алады.Ақыр соңында, адам мен адамның айырмашылығы бос уақытын қалай тиімді пайдалануында бейнеленеді.Біз бос уақытымызды босқа өткізгенде,басқалар қатты оқиды,біз білмей тұрып, көп нәрседен қалып қоямыз.Сондықтан қазірден бастап мақсаттарымызды нақтылауды бастап, күн сайын не істеу керек екенін тізіп алып, күнделікті оқу жоспарын құрып және оны жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етейік. Ұзақ уақыт бойы табандылық өзімізге жемісін беретіні сөзсіз, ал осының нәтижесінде бағаларымыз да біртіндеп көтеріледі. Оқудан кейін шаршау мен оқудағы стрессті жеңілдету үшін денеміз бен ақыл-ойымызды демалту үшін көбірек физикалық жаттығулар жасасақ болады.Күнделікті үйрену міндетін орындағаннан кейін дұрыс демалуға болады, рухани дүниемізді дамыту үшін көбірек кітаптар оқып, әдемі фильмдерді көруге болады. Қысқасы, босқа күн өткізбей, жас кезімізде тынбай еңбек етейік, көп оқиық. Келешекте қоғамда қиналғанша, жас кезімізде кітап оқудан қиналғанымыз жақсы. Болашақта біз қазір көп жұмыс істегеніміз үшін өзімізге рахмет айтатын боламыз.

қазақ тілі мамандығының студенті Яң Сионан 

бөлісу: