Көрікті орындар--Шолпан
25 September 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
Саяхаттау/Көрікті орындар
Мен саяхаттауды өте жақсы көремін, былтыр досыммен Юньнанға бардым, сонда бес күн болдық.Юньнань әрқашан өзінің әдемі табиғи көрінісі мен әртүрлі жергілікті әдет-ғұрыптарымен танымал.Жолға шықпас бұрын біз бұл сапарды асыға күттік, сондықтан көп дайындалдық.Біз алдымен жергілікті туристік орындарды интернеттен іздеп, алдын ала маршрутты жасадық.Содан кейін тұратын қонақүйлер мен барып-қайту әуе билетін брондай бастадық.Сонынмен қатар біз жүкті және төтенше жағдайларға дайындалу үшін саяхат кезінде жергілікті ауа-райын алдын ала білдік.Біз Юньнанға жазғы демалыста бардық, ол жерде ауа райы өте салқын және мүлдем ыстық емес,климаты өте жағамды екен. Біз Куньмин, Дали, Лицзян және Сишуанбаннаға барып, көптеген жергілікті дәмді тағамдардан дәм таттық. Біз Юньнандағы табиғат көрінісі фотосуреттер сияқты әдемі екенін анықтадық,әсіресе Сишуанбанна.Ол жерде аспан теңіздей көгілдір,ағаштардың бәрі биік, бұл жерде бүкіл адам тыныш сезінеді екен.Жергілікті тұрғындар өте қонақжай және ынталы,бірнеше рет адасып қалғанда олар бізге жол көрсетті.Жақсы естеліктер қалдыру үшін біз саяхатта көп суретке түсіп, Лицзянда көптеген қызықты адамдармен таныстық. Осы сапарда досым екеуміз бір-бірімізге көп көмектесіп, достығымызды тереңдете түстік.Біз кеткен күні мүлдем кеткіміз келмеді, өйткені бұл күндері қатты қуандық. досым екеуміз келесі жылы осында әдемі табиғатты қайтадан тамашалауды жоспарлап отырмыз.
қазақ тілі мамандығының студенті Яң Сионан
