Тарихы

Шығыс Қытай Халық революциялық университетіне қарасты Шанхай орыс тілі мектебі

(1949-1950)

Жаңа Қытай Халық Республикасы  құрылғаннан кейін, Кеңес Одағының социолистік идеологиясының тәжірибесін қолданып, үйрену мақсатында және орыс тілді мамандардың шұғыл қажет болғандығы үшін, сол уақыттағы Шанхай қаласының мэрі болған жолдас Чень Йидің бастамасымен, ҚКП Орталық комитетінің Шығыс Қытай бюросы мен Шанхай қаласының муниципалдық комитеті Шығыс Қытай Халық революциялық университетінің төртінші бөліміне негізделе отырып, Шанхайда орыс тілді мамандарды даярлайтын университетті ашу туралы шешім шығарды. 1949 жылдың желтоқсан айында «Шығыс Қытай Халық революциялық университетіне қарасты Шанхай орыс тілі мектебі» құрылғанын жариялады. Бұл - Жаңа Қытай Халық Республикасы  құрылғаннан бастап, ашылған ең бірінші шетел тілі университеті болатын.

Сол уакыттағы Шанхай орыс тілі университеті орыс тілін үйрететін және Кеңес Одағының әдебиетін үйрететін бір ғана кәсіби құрылым болып саналатын. Ол жерде даярланатын басты мамандар: орыс тілінен ауызша аударатын аудармашылар мен орыс тілін оқытатын кәсіби оқытушылар мамандықтары болып табылатын.

Шығыс-Қытай Халық Революциялық университетіне қарасты шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мектеп

(1950 - 1952)

Бұл университет 1950 жылы ағылшын тілі сыныбын қосып, «Шығыс-Қытай Халық Революциялық университетіне қарасты шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мектеп» деп аталған болатын. Университеттің мекен жайы Шығыс спорт клубы көшесінен (бұрынғы Цзинань Университеті) қазіргі Хонкоу кампусына ауысты. 1951 жылы сәуір айында мектеп шығыс тілдері мен әдебиеттері бөлімін ашып, бирма тілі, вьетнам тілі сондай-ақ индонезия тілдерін қосқан болатын. 1952 жылы тамыз айында жалпы бес тіл: орыс тілі, ағылшын тілі, бирма тілі, вьетнам тілі, индонезия тілдерін енгізген болатын.Шанхай орыс тілді тереңдетіп оқытатын оқу орны

(1952 - 1956)

1952 жылдың екінші жартысынан бастап, елдегі жоғары оқу орындары студенттерді оқуға қабылдауды біріңғайластырып және бөлімдердің қызметін реттей бастады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, университеттің шығыс тілдері мен әдебиеті бөлімінің мұғалімдері мен оқушылары түгелдей Пекин университетінің құрамына енді, тек орыс тілі мамандығы ғана құрылды. Аталмыш  жылдың қыркүйегінде университеттің атауы «Шанхай орыс тілді тереңдетіп оқытатын оқу орны» деп өзгертілді, кейін қараша айында «Шанхай орыс тілді академиясы» болып қайта өзгертіліп, білім беру жүйесі 3 жылға бекітілді.

Осы уақыт аралығында, академияның білім беру жүйесі жаттықтыру мақсатындағы оқыту үлгісінен формалды оқыту үлгісіне ауысты, формалды оқыту тұжырымдамасын ретке келтірді, оқыту ұйымын құрып оны жетілдірді, кешенді орыс тілді оқу-зерттеу бөлімдерін жапты, тәжірибелік курстар, аударма, әдебиет тарихы, тіл білімі сынды 10 шақты кафедраларды құрды. Біріңғай оқыту қағидаларын бекітті, студенттердің жағдайын басқару жүйесін құрып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Шанхай шет тілдері институты

(1956-1994)

1956 жылы Мемлекеттік кеңестің мақұлдауымен, оқу орны атауын «Шанхай шет тілдері институты» деп өзгертілді, ағылшын, француз, неміс тілі  мамандықтары бойынша студенттерді даярлады және оқыту жүйесін 4 жылға өзгертілді. 1963 жылдың 12 қыркүйегінде Шанхай шет тілдері институты Орталық Комитеттің мақұлдауымен ұлттық жоғары оқу орны ретінде тіркелді және тікелей Білім министрлігінің басшылығына өтті.

Елдің дипломатиялық жұмыстары бірте-бірте дамып, шетелмен байланыстардың кеңейтілуі, мемлекеттің  жоғары деңгейде шет тілін меңгерген мамандарға деген сұранысын арттыра түсті. 1982 жылдан бастап, аталмыш оқу орны Шет тілдері институтінің көпсалалы қолданбалы пәндерді дамыту бағытын негізге ала отырып, бір саладағы шет тілдері институтынан көпсалалы шет тілдері институтына көшу даярлығына кірісті, бірте–бірте кешенді жаңа мамандықтарды енгізе бастады, оқу орнының барлық пәндерінің мазмұны тереңдетіліп, кеңейтіле түсті. 1983 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік Кеңестің Ғылыми дәреже жөніндегі комитеті осы институтта  ағылшын және орыс тілдерінде докторлық дәреже беру құқығын мақұлдады.

1993 жылы Мемлекеттік Білім беру комиссиясы, Шанхай муниципалдық комитеті мен Қалалық Басқармасының басшылығы және қолдауымен осы оқу орны университеттер мен колледждерге түсу кезіндегі жаңа талапкерлердің оқу ақшасын және шәкіртақысын, оқуға арналған кредиттерін біріктіру жүйесін енгізу туралы бастамаға жетекшілік етті. Студенттердің оқуға қабылдау жүйесі реформасын жариялағаннан кейін, қоғамда әр түрлі наразылықтар туғызды, тіптен адамдардың ортақ назарын аудартатын «шиеленіс нүктесіне»  айналып кетті.

Шанхай Шет тілдері университеті

(1994 жылдан қазірге дейін)

1994 жылы Мемлекеттік Білім беру Комиссиясының мақұлдауымен, оқу орны ресми түрде «Шанхай Шет тілдері университеті» деген атаққа ие болды. Сол жылы бұл университет  Мемлекеттік Білім беру Комиссиясы мен Шанхай қаласының бірлесіп ашқан алғашқы оқу орындарының бірі болып саналатын.

1996 жылы университет Білім министрлігінің тексерісінен өтіп, «211 жобасы» бойынша мемлекеттік маңызы бар университеттердің қатарына енді.

Жаңа ғасырға аяқ басқанда, 2000 жылы Шанхай қаласының Сунцзян университет қалашығында жаңа кампус салынды, бакалавр және магистратураның бірінші курс студенттері сол жаққа көшкен болатын. Сунцзян университеттер қалашығында әр елдің дәстүрі біріктірген. ШШТУ Әлемнің түкпірінен келген білікті мамандарды даярлайтын алтын қазыққа айналуда.

2007  жылы қаңтарда Университеттің ұраны “Адал, асқақ мақсатты, ой-өрісі жоғары, Академиялық үздік болу” белгіленді. 2009 жылы желтоқсан айында университет құрылуының 60 жылдығы тойланды. 2013 жылы қарашада Қытай Білім министірлігі “Шанхай шет тілдер университетінің ережесін” белгіледі.

Мемлекеттік ағартудың реформасына сәйкес, 2014 жылы мамыр айында “Жаңа ғасырдағы шет тілдер маманының танымы” жәнеӘлемді таныстырып, болашақты жүзеге асыру” идеясын жолға қойып, “Мемлекеттің дамуына қызмет ету, адамның жан жақты дамуына қызмет ету, әлеуметтік дамуға қызмет ету, Қытайдың басқа мемлекеттермен қарым қатынасына қызмет ету” деген миссиясын тұрақтандырды.

2015 жылы қарашада университет еліміздегі жоғары оқу орындары арасында бірінше болып “Көптілді + стратегиасын жолға қойды, сонымен қатар шет тілдер оқу орнына сәйкес саяси-идеялық қызмет системасын құрып, саяси-идеялық тәрбиемен шет тілдерін оқытуды сәйкестірді. 2016 жылы шілде айында Шанхай шет телдер университетінің он төртінші реткі партия құрылтайында Дүниежүзілік білім саласында ерекшелігі бар мемлекет пен аймақтануды зерттейтін әлемдік үздік шетел тіл университетін құру” деген үміті және “тіл білетін” “мемлекетті түсінетін” “кәсіби салаға жеттік” “көптілді + халықаралық мамандарды дайындау мақсаты айқындалды.

2017 жылы қыркүйек айында Шанхай шет тілдер университеті мемлекеттік “Қос үздік” унверситет құру қатарына кірді. Қазан айында ШШТУ-дың Ғаламдық басқару және аймақтануды зерттеу институты, Қытай-Араб реформа және дамуын зерттеу орталығы сияқты төрт жобасы “Шанхайдың мемлекетке қызмет етіп, “бір жол, біл белдеуді” құру барысында маңызды көпірі болу проектінің қатарына енді.

Университет құрылғалы жетпіс жылдан бері, басындағы бір тілді оқытудан, кейінгі көптілді, көп мамандықты институттан қазіргі халықаралық жоғары деңгейдегі университетке айналды. Университетте қазір тіл әдебиетіне қатысты мамандықтан басқа оқыру, экономика, менеджмент, заң т.б. мамандықтар ашылып, еліміз үшін көптеген үздік түлектерді дайындады, олар дүниенің әр жерінде, еліміздің экономикасы мен қоғамының дамуына, елімізбен басқа елдерің достығының күшеюіне үлес қосып келеді.

бөлісу: