Әлемнің құшағында

Шанхай Шет тілдері университеті Жаңа Қытайдың ертеде ашылған, шетелдермен байланыс орнатқан жоғары оқу орындарының бірі болатын. Бұл университеттің ашылған уақытында, осы оқу орнында шетелдерден келген сарапшы мамандар жұмыс істеген болатын. Аталмыш университет даму стратегиясының өзегі болған интернациаландыруды алға тартқан еді. Халықаралық ғылыми алмасуды және ынтымақтастықты белсенді дамытуға кірісті. Жас студенттерге әлемді шарлауға, алуан түрлі ортада ілгері дамып, жетілуге ынталандырды. Әлемнің жоғары білім беру саласындағы елеулі жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін толыққанды меңгеруге жағдай жасады. Университет әлемнің 56 елдері мен аймақтарының 370 университетімен, мәдени білім-ғылыми ошақтарымен және халықаралық ұйымдармен серіктeстік қарым-қатынастарын орнатып үлгерді. БҰҰ, Еуроодақ сынды халықаралық ұйымдармен де тығыз байланыс орнатты.

Университет әлем мәдениетімен ұштасу мақсатында, ұзақ мерзімді оқу тәжірибелеріне сүйене отырып, шетелдіктерге арналған қытай тілі оқулықтарын жазып шығарып белсенді атсалысуда. Соңғы 5 жылда, әр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпір елдерінен шамамен 4000- ға жуық шетелдік студенттер қытай тілін үйренуге және оқу курстарын меңгеруге келеді. Осы тұрғыдан қарасақ, ауқымы бойынша мемлекет университеттерінің арасында алдыңғы қатарды иеленіп тұр. Бұл оқу орны атап айтқанда, Италияның Неаполь шығыс университетімен, Жапонияның Осако Сангио университетімен, Перудің католиктік университетімен, Венгрияның Сегед университетімен, Испанияның Мадрид автономдық университетімен, Марокконың Касабланкадағы Хасан ІІ университетімен, Өзбекстанның Самарқанд Мемлекеттік шет тілдері институтымен, Канаданың Ватерлоо университетімен, Американың Нью-Йорк Барух халықаралық қаржы колледжімен серіктестік байланыс орнатқан. Қытай мәдениетінің кең ауқымда түсіндіріп тарату мақсатында және әлем өркениетімен байланысу үшін барлық Азия елдерінде, Африкада, Еуропада және Оңтүстік Америкада жалпы саны 9 жерде Конфуций институты ашылған болатын.

Халықаралындыру

Негізгі мамандықтар мен тілдік бағыттағы емес мамандықтар және күрделі мамандықтар үшін шет елдерде студенттердің білім алмасу бағдарламасы, студенттер алмасу, оқу кредиттер санымен алмасу бағдарламалары бар. Студенттердің осы университетте оқып жүріп, шетелдің жоғары оқу орындарында білім алуға толық мүмкіндіктері бар және осындай алмасу барысында өздерінің халықаралық танымы мен қарым қатынас жасау қабілеттерін көтере алады. Университетіміз сондай-ақ студенттерге жазғы, қысқы демалыс кезінде қысқа мерзімді шетелде оқу мүмкіндіктерімен де қамтамасыз етеді. Сонымен қатар университетіміздің магистранттары жыл сайын Мемлекеттің шетелде білім алу фондының басқарма комитетінің шетелде білім алу гранттарын жеңіп алады. Ғылыми зерттеулерді дамытып, бірте-бірте мамандықтардың оқыту ауқымын тереңдетіп, кеңейтіпхалықаралық алдыңғы қатарлы университеттермен тоғысу жұмыстарын жасауда.

Біздің университет оқытушылардың шет елдің атақты университеттеріне қысқа және ұзақ мерзімді ғылыми іс-сапарларға баруға, әлемдік жоғары білімнің үлкен жетістіктері мен тәжірибелерін толыққанды сіңіруге, ой өрісін кеңейтуге, өзінің білімін және ғылыми дәрежесін көтеруге әр түрлі шаралар қолданды. Соңғы жылдары, университетіміздің оқытушылары Мемлекеттік шетелде білім алу фондының басқарма комитетінің, Американың Fulbright Scholarship бағдарламасының көптеген гранттарын жеңіп алды. Сондай ақ ғалымдардың шақыртуымен әлемдік деңгейдегі университеттерде ғылыми алмасу іс-шараларын өткізе алады.

Сонымен қатар, 1970 жылдары әлемнің сан алуан елдерінен келген шетелдік студенттер осы университетте қысқа және ұзақ мерзімді білім алуға келген болатын. Бұл жағдай Қытай мәдениетін танып және түсінуге ықпал етті, Қытайдың шет елдермен байланыс орнатуына септігін тигізді, университеттің интернационалды болуыңа үлесін қосты. Бүгінгі таңда оқу орны 90 ға жуық елдер мен аймақтардан келген 30 000 студентті қабылдап, мемлекет университеттері арасында алдыңғы қатарға жайғасты.

Әлемге қарай қадам басу

Шанхай шет тілдері университеті әрдайым әлемге қарай жол тартты, әртүрлі сыртқы байланыстар мен өзара іс-шараларын кең түрде жүргізді. Университет интернациаландыру стратегиясының ең маңызды әрекеттерінің бірін жүзеге асырды.

Көптеген мемлекеттердің басшылары мен танымал саясаткерлері, Қытайдағы елшіліктерінің басшылары, халықаралық ұйымның жетекші өкілдері, әлемнің атақты ғалымдары, шетелдік атақты тұлғалар іс-сапарлармен келіп, университеттің халықаралық беделін арттырды. Университет жыл сайын жоғары деңгейдегі халықаралық және қос тарапты ғылыми конференцияларды өткізеді. Әр елден келген сарапшы мамандар оқу пәндері аясында әр түрлі үлкенді-кішілі мәселелерді талқылап, ой алмасады. Жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық қатынас пен ынтымақтастықты алға қарай дамытуға ықпал етеді.

бөлісу: