Көрнекі сәйкестік

Университет белгісі

Шанхай Шет тілі Университетінің эмблемасы ашылған кітап пен зәйтүн бұтағынан тұрады. Кітап білім мен шындықты бейнелейді. Зәйтүн бейбітшілік пен достыққа ұмтылуды білдіреді. Бұл белгілер біздің университетімізді білдіретін үш жазбаша элементті қоршайды, олар университет атының қысқаша аты (上外), университеттің ағылшынша қысқартылған атауы (SISU) және университеттің құрылған уақыты (1949) белгіленген.

Университет құрылғаннан бері Шанхай Шет тілі Университеті елдің сыртқы байланыстарының дамуына қызмет етуге әрдайым дайын - бұл тарихи жолдағы миссия шетелде оқып жүрген қытайлық және шетелдік студенттердің жауапкершілігін арттырады.

Университет атауы

Шанхай шет тілдер университетінің атауы Лу Шунның күнделігінің қолжазбалық  (2 том) жинағында жазылған, 1956 жылдары өзгертілгеннен кейін осы уақытқа дейін Шанхай Шет тілі университеті болып аталды.

Университет түсі

Шанхай Шет тілі университетінің түсі көк , теңіздің рухы мен әлемнің сезімін бейнелейді.

Стандартты түс CMYK (100, 50, 0, 10) және түс стандарты Pantone © (PMS) 2945 болып табылады.

Шанхай Шет тілдер университеті, «Лу Шунмен көрші»

Шанхай шет тілдер университеті мен Lu Xunның тағдырлары байланысқан, Хонкоудың Кампусына қарама-қарсы орналасқан 100-жылдық тарихы бар саябақта Лю Шунның қабірі орналасқан. Лу Шун тек қана революционер, ойшыл және жазушы ғана емес, сонымен қатар аудармашы және лингвист болып танылған. Әдеби шығармалары аударылған және әлі де аударылуда, жасалған аудармаларының саны мен маңыздылығы ЛуШунның шығармаларынан әлде қайда көп.

ЛуШун 1936 жылғы 10 қазанда күнделігінде,"...... түстен кейін Гуанпин МэРиді Шанхай театрына «Дубровскийді» тамашалауға шақырды. Бұл «үздік» фильмнің аудармашысы Цзян Юфанг болатын. Фильм Пушкиннің романынан алынған, ал түсіру іс-шарасын Цзян Йуфан ұйымдастырған. ЛюШун мырзаның келгеніне қуанған Цзян Йуфан ЛуШунге Пушкиннің өлгеніне 100 жыл толуына арнайы шығарылған брошюраны ұсынды. Оның айтуынша, брошюрада Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған, айтпақшы болғаны Лу Шуннің ай сайынғы  журналда шығарған аудармасынан алынып өңделген. Цзян Йуфан Лу Шунге фильмнің аударылғандағы атауы «Дұшпанның кекшісі» деп аталған, бұл Қытай үкіметінің киноны тексеру орталығы тексеруден өткізгеннен кейін осы атауға ие болғанын айтады. Лю Шун біраз ашуланып тексеру орталығы фильмнің атауын танымастай өзгеркенін, адамдардың бұл киноның не жайлы екенін біле алмайтындығын айтып өзінің назылығын білдірді. Фильмнің көрсетілуіне байланысты, Цзян Юфан Лу Шунге сыйлық ретінде екі билетті беріп, келесі жолы киноға баруын өтінді. Ойламаған жерден ол Лю Шуннын қайтыс болмастан бұрын көрген соңғы фильмі болды.

Жаңа Қытай елінің негізі қаланғаннан кейін, Цзян Йуфан Шанхай халықаралық революция университетінің негізін қалаған Шанхай мэрі Чэнь Йидің басшылығымен және тікелей қолдауымен Шығыс Қытай Халық революциялық университетінің Шанхай орыс мектебін құрды, ол бүгінгі Шанхай шет тілдер университеті.

бөлісу: