КІТАПХАНА

Шанхай шет тілдер университетінің Хункоу және Суңцзян екі компусында екі кітпахана бар, жалпы аумағы 74.7 гектар. Университеттің кітапханасы мемлекеттік шет тілдер университеттерінің кітапханалық қоғамдастығының орталығының бірі

Университеттің кітапханасында шамамен 1177 мың кітап (шамамен жартысынан астамы шетелдің төлтума кітаптары), 1972 түрлі газет жұрналдар бар. Кітапхананың ағылшын тілі және әдебиеті материалдар орталығы (ELLMC) Ғылым және Білім министрлігінің қаржыландыруынан игліктенеді. Ағылшын ғылымдарының кітаптары өзінің көптігімен елімізде танымал.

Кітапханамызда 78 түрлі дерекқор және 11түрлі жеке әдеби дерекқор бар. Сіз университетіміздің VPN-і арқылы электронды дерекқорларды пайдалана аласыз.

Кітпахана цифрлау жүйесімен жұмыс жасайды, екі компус арасында ақпарат алмасу жоғары деңгейге жеткен. Кітапхананың ішінде оқырмандардың компьютермен материал іздеуіне қолайлы болу үшін сымсыз желі орнатылған.

Кітапхананың құрылымы заманауи, оқу залынан басқа, кітапханада үйренуге арналған ортақ пайдаланатын кеңістік және комплексті қызмет көрсету орталығы бар.

Екі компустағы екі үлкен кітпаханадан басқа, әрбір факультеттерде және зерттеу орталықтарында өзіндік кітаханалары бар.

бөлісу: