ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАСУ

Оқуға түсуші студенттер – шетелдік студенттер

1970 жылдан бастап, шетел студенттері біздің университетке қысқа немесе 1 жылға алмасу бағдарламасы бойынша оқуға келеді. Осы уақытқа дейін біздің университет 90-ға жуық мемлекет пен аймақтардан 30 000-нан астам студентті қабылдады. Соңғы бес жылда 4000-ға жуық халықаралық студенттер жыл сайын біздің қытай тілі немесе басқа да бағдарламаларға байланысты курстарға қатысады, өздерінің қытай мәдениетін түсіну мен тану қабілеттерін арттыру мақсатында, Қытай мен басқа мемлекеттердің қарым қатынасын дамытуға жәрдемдеседі, сондай-ақ бұл жағдай біздің университетті интернационализациялауға жәрдемдесуде.

Шетелге шығып алмасатын студенттер – шетелде оқу

Біздің халықаралық алмасу бағдарламаларымыз өте көп, сондықтан студенттер мен оқытушылар мультикультурализмде өздерінің халықаралық көз қарасын дамытады.

Университетте студенттердің көпшілігі, кем дегенде 1 семестрлік алмасу бағдаламасымен шетелдегі университетте білім ала алады, көптеген факультеттерде 1 оқу жылдық алмасу бағдарламасы бар.Сонымен қатар, университет студенттерді шетелге қысқы және жазғы демалыс алмасу бағдарламаларына белсенді қатысуға ынталандырады.

Біздің университет қазіргі уақытта шетелдік мекемелермен ынтымақтасып,  бакалавриат бағдарламалары 1+3, 2+2, 3+2 жоба, екі дәрежелі магистрлік бағдарлама, докторанттарды бірлесіп дайындау жобалары бар.

бөлісу: