Біздің кампустар

Хонкоу кампусы

Шанхай шет тілдері университетінің Хонкоу кампусы жалпы көлемі 16,9 гектарды қамтитын Лу Синь паркіне жақын орналасқан. Оқу орны 1950 жылы құрылғаннан бастап көшкеннен әлі күнге дейін осы жерде орналасқан. Алғашқыда бұл институт Цзинань университетінің бірінші институты болатын. Ескі мекен–жайы Қытай Республикасында 30 жылдары (1924ж) құрылған Шанхай батыс спорт клубының көшесінде орналасқан университеті болатын.

Хонкоу кампусы қазіргі уақытта магистратураның жоғарғы курс студенттерінің, шетел студенттерінің, тағылымгерлердің оқитын жері болып саналады.

Суньцзян кампусы

Шанхай Шет тілдері университетінің Сунцзян кампусы Сунцзян университетінің қалашығында орналасқан. Жалпы аумағы 57,8 га жерді құрайды. Аталған кампус қазіргі уақытта магистратураның төменгі курс студенттерінің, группаларының, шетел студенттерінің, тағылымгерлердің оқитын жері болып саналады.

Бұл оқу орнының корпустары алуан тілді мемлекеттердің архитектуралық ерекшеліктеріне сәйкес салынған болатын, сондай-ақ әр елдің өзіне тән ерекшелігін айқын сипаттайды. Мысалы: Ислам стиліндегі Шығыс тілдері институты, Викториандық стильдегі ағылшын тілі институты, ДонгИн стиліндегі жапон мәдени-экономикалық институты т.с.с. Сонымен қатар, студенттердің қызыққа толы іс-шаралары мен академиялық дәрістері, Сунцзян кампусына жаңа өң беретіндей.

бөлісу: