УНИВЕРСИТЕТТІК ДӘСТҮРЛЕР

Кампустың инклюзивтік мәдениеті, кампустың белсенді атмосферасы мен жақсы моральдық сипаты студенттердің тәрбиесі үшін маңызды екенін мойындай отырып, Шанхай шет тілдер университеті кампустың алуан түрлі мәдениетін құруды мақсат етіп, студенттерді "тұтастыққа, көрініске және академиялық кемелділікке" бағыттайды. Әр түрлі студенттік топтар ұйымдастырған тегін академиялық лекциялар, мәдени фестивальдар, студенттік іс-шаралар университетті жанжандырады.

МӘДЕНИ ӘРТҮРЛІЛІК

Жыл сайынғы мәдени фестивальдері, бірінші курс студенттерін құттықтау аптасы, университеттік өнер фестивалі және қытай мәдени фестивалі сияқты іс-шаралары бай мәдени атмосфера мен ұмытылмас университеттік өмірді есте қалдырады. Сонымен қатар, факультеттер мен кафедралар мәдени іс-шаралар өткізеді, мысалы, Шекспир драмалар фестивалін ағылшын инситуты, Kōhaku фестивалін жапон мәдени және экономикалық зерттеулер институты, Сервантес фестивалі еуропалық және Латын Америкасы зерттеулер институты, неміс тіл факультетінің Неміс мәдени апталығы, француз тілі кафедрасының Француз дубляжы фильмы, орыс факультетінің Волга маскарад балы.

КӨРКЕМӨНЕР МЕН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

Көркемөнер және дене тәрбиесі іс-шаралары кампусты жандандырады, тартымды және көркем орта етеді. Жыл сайынғы "кампустағы Бейнелеу өнері" ұлттық бағдарламасы студенттерді көркемдік тәжірибеге баулап, олардың эстетикалық талғамын жақсартады. Жалпы оқу бағдарламасына өнер бойынша көптеген курстар енгізілген. Студенттер арасында танымал Шанхай шет тілдер университетінің Finalmente труппасы "Алтын кірпі" университеті студенттерінің драма фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін марапатқа ие болды және Қытайдағы үздік университеттік драмалық труппалардың бірі болып танылды. Шанхай шет тілдер университетінің би труппасы, Ішекті оркестр, дәстүрлі қытай аспаптар оркестрі және Acappella хоры Қытайда да, шетелде де көптеген табысты өнер көрсетті. Жыл сайынғы "үздік әншілердің ондығы" байқауы да музыка әуесқойларының назарын аударды.

бөлісу: