Шанхай шетелдік зерттеу университетімен танысыңыз

Шанхай шет тілдер университеті Shanghai International Studies University, қысқаша “Шаңвай”SISU”, Білім Министрлігіне тікелей қарасты, және Шанхай қаласының қолдауымен құрылған, мемлекеттік 211 жобасы“ және Қос үздік” университеттердің қатарына кірген жоғары деңгейдегі университет. Университеттің ұраны “Адал, асқақ мақсатты, ой-өрісі жоғары, Академиялық үздік болу”. Университет қазір дамып Халықаралық жоғары деңгейге жетіп, әлемдік рейтингте жоғары орын алды

ТАРИХИ МҰРА

Шанхай шет тілдер университеті 1949 жылы желтоқсан айында құрылған, Жаңа Джуңго құрылғаннан кейін ашылған бірінші шет тілдер университеті. Ең алғашында Шығыс Қытай Халық Революциялық университетіне қарасты Шанхай орыс тілі мектебі болған, тұңғыш ректоры танымал орыс тілінің аудармашысы, баспашы, Қытай Энциклопедиясының негізін қалаушы Цзян Чунфан. Жетпіс жылдан бері университет көптеген үздік түлектерді тәриеледі. Фан Чун, Лу Пейщуан, Лиң Даяң, Сю Джуңнян сяқты танымал оқытушылар осы жерде сабақ беріп, университеттің үздік дәстүрін қалыптастырды және жалғастырды.

УНИВЕРСИТЕТТІ БАСҚАРУ ЖАҒЫНДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Университет құрылғаннан бері, Шанхай шет тілдер университеті жоғары деңгейдегі оқыту сапасын сақтап келеді. Университетіміздегі шетел тілдері-әдебиеті және саясаттану мамандығы мемлекетіміздегі бірінші дәрежелі мамандықтар қатарында. Қазіргі таңда университет тіл-әдебиет мамандығы басты орында, педагогика, экономика, басқару, заң т.б. саладағы мамандықтары да бірге дамыған, өзіндік ерекшелігі бар университетке айналды.

Жақын жылдардан бері, университет оқыту жүйесін дамытуда, қазір университетте 3 мемлекеттік жоғары деңгейдегі мамандық, 2 қалалық жоғары деңгейдегі мамандық және 1 мемлекеттік аз қолданылатын шетел тіл мамандарын тәрбиелейтін база бар. Университетте 40 тан астам шет тілдері мамандығы бар.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Университет көп тілді ерекшелігімен жоғары деңгейдегі халықаралық мамандарды дайындайды. Университет Қытайдағы филология және халықаралық қатынасты зерттеу саласында жоғары орын алады. Университетте 70 тен астам зерттеу орталықтары бар. Осы орталықтар өздерінің тіл саясаты, дипломатия, халықаралық қатынас т.б. салалардағы жетістіктерімен елімізде танымал

Қазіргі уақытта университет 13 ғылыми журнал шығарады, олар ғылыми қоғамдастықта үлкен беделге ие, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік ғылыми қоры қаржыландыратын"шет тілі" және американдық Қазіргі тіл білімі қоғамы (MLA) , бұлар "мемлекеттік ғылымның отыз үздік ұлттық ғылыми журналындағы" шет тіліндегі жалғыз журнал болып табылады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРІНІС

Шанхай шет тілдер университеті Шет елдермен алмасуды бастаған жаңа Қытайдың алғашқы университеттерінің бірі болып табылады. 60 ел мен аймақтардағы 400-ден астам университеттермен, оқу және ғылыми-зерттеу институттарымен және халықаралық ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас орнатты. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерімен және оның филиалдарымен, Еуропалық комиссиямен және Еуропалық Парламентпен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойған  әлемдегі алғашқы университеттің бірі болып табылады.

Университет көп жылдық педагогикалық тәжірибе мен зерттеулер жүргізуде, сондай-ақ шет тілі ретінде қытай тілі бойынша әртүрлі оқу материалдарын жариялауда, бүкіл әлемнен жылына 4000-ға жуық шетелдік студенттер қытай тілі курстарына және онымен байланысты басқа пәндерден білім алуға келеді. Сонымен қатар, университет Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік Америка елдерімен ынтымақтасып 10 Конфуций институтын ашты.

КАМПУС НЫСАНДАРЫ

Қазіргі уақытта Шанхай шет тілдер университетінде 74.7 гектар көлемін қамтитын екі кампус бар.  Hongkou кампусы Шанхай орталығында орналасқан, Lu Xun паркі және dolun жолы haipai мәдениет учаскесіне жақын; Songjiang кампусы Шанхай маңында орналасқан. Екі кампус бір-біріне ұқсас келген, бірақ бір-бірінен ерекшеленеді. Шанхай шет тілдер университетінің кітапханасы шет тілдер мекемелерінің ұлттық одақ кітапханасының мүшелерінің бірі болып табылады, жалпы алғанда екі жерде орналасқан, Фейсал кітапханасы және басқа да 10 ерекше әдеби зал, қазіргі таңда онда бір миллион коллекция кітап және бір миллионнан астам электронды кітап бар.

Кітапхананың электрондық академиялық қызметтерінің платформасы шетелдік ғалымдар жариялаған мақалалар мен ғылыми жарияланымдарды ұзақ мерзімді сақтау және бірлесіп пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ деректерді архивте сақтау, басқару, жариялау, іздеу, бөлісу және статистикалық анализ жасау сияқты бірқатар қызметтерді ұсынады. Университет қазіргі заманғы озық ғылыми зерттеу құралдарына ие, оның ішінде бүкіл әлем бойынша ең үздік синхронды аударма жүйесі, тілге экспиримент жасайтын жабдықтар және шетел тілдерін мультимедиялық құралдармен білім беру қорлары бар.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Ұзақ уақыт бойы, Шанхай шет тілдер университеті  Қытайдың шет тілін үйрету реформасы дамыту және жетілдіруді атқарды, ең маңыздысы академиялық танымалдылық пен білімді таратуға назар аударды. Шанхай шет тілін оқыту баспасы Қытайдың ең үлкен және ең беделді баспасының бірі,  30 жуық тілде кітаптар басылымнан шығарылып,  7000-нан астам оқулықтар мен электрондық басылымдар жарияланды, басылымның жалпы саны шамамен 700 миллион дана, қайта басып шығару  70% - ке жетті. 2015 жылы жарыққа шыққан қытай тіліндеші ғылыми жұмыстар дәйексөз индексі (CBKCI), шетел мұғалімдері қоғамының жұмыстары бірінші санатты шет тілі мен әдебиетке қосылды және кең әлеуметтік ықпалға ие. Сонымен қатар, шетелдік оқытушылар мен студенттер түрлі халықаралық конференциялар, спорттық іс-шаралар, көркем көрмелерде және шетелдік бизнеске байланысты басқа да ірі іс-шараларға жиі қатысады.

Шанхай шет тілдер университеті "көптілді+ "мектепті басқару стратегиясын белсенді түрде дамытуда, жаһандық басқару үшін кадрлар даярлауды күшейтеді, " тілді меңгерген, елдерді көрген мен әр саланың " алып көрсетеді,"көптілді+" қабілетті Халықаралық кадрларды тәрбиелеуді дамытуды қолдайды.

Соңғы 70 жыл ішінде шетел оқытушылары мен студенттеріне қызмет көрсетуде мемлекет шетелге танылғаннан бері алдыңғы қатарда, еліміздің дипломатиялық мансабы, экономикалық құрылысы, мәдени өркендеуі мен әлеуметтік дамуы, Қытай мен әлем халықтарының достығын нығайту үшін өз үлестерін қосуда.

бөлісу: