Жыл мезгілі---Гүлдана


22 March 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Жыл мезгілі

Бір жылда төрт жыл мезгілі бар. Олар көктем, жаз, күз жəне қыс. Көктем мезгіліне наурыз, сəуір, мамыр айлары жатады. Көктемде күн жылы болады, көп жаңбыр жауады, жел соғады, егіншілер егін егеді. Жаз мезгіліне маусым, шілде, тамыз айлары жатады. Жазда күн ыстық болады, жаз мезгілінде көптеген көкөністер мен жемістер піседі. Күз мезгіліне қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады. Күзде ауа райы салқын болады, табиғат көрінісі əдемі болады. Ал қыс мезгіліне желтоқсан, қаңтар жəне ақпан айлары жатады. Қыста күн суық болады, қар жауады. 

Мен оңтүстіктенмін, біз жақта қар аз жауады, сондықтан мен қысты жақсы көремін. Бірақ жыл мезгілдерінің ішінде мен күз мезгілін ең жақсы көремін. Өйткені күзде күн суық емес, ыстық та емес, салқын болады, жəне табиғат көрінісі көркем болады. Күзде мен университетке барамын, достарыммен кездесемін. Сондықтан мен күз мезгілін ең жақсы көремін.

Қазақ тілі мамандығының студенті Гу Юйхан

 

бөлісу: