Менің арманым--Шолпан
25 September 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
Менің арманым
Мен заңгер болғым келеді,бірақ бұл менің бала кезімнен бері ойлаған арманым емес. Мен орта мектепке барғанға дейін болашақтағы күш-жігерімнің бағытын білмедім. Кейін Заңгер боламын деп шештім, себебі қазіргі таңда қоғамда қорқынышты қылмыстар көп. Заңды оқу өзімді тежеп, парасатты, мейірімді адам болуға мүмкіндік береді.Мен қылмыскерлермен күресуге және жақсы қоғам құруға үлес қоса аламын деп үміттенемін. Жақсы заңгер болу көп арнайы білімді қажет етеді. Сондықтан мен алға қойған мақсаттарыма жету үшін аянбай еңбек етемін. Мен сабақтан кейін кітапханаға барып оқимын, материалдарды іздеймін, сонымен қатар кәсіби оқуды ескеремін.Алдыңғы семестрде мен заң факультетінің студенттерімен көбірек танысып, оларға заң үйренуге байланысты сұрақтар қойдым. Мен олардан көп нәрсені үйрендім және менімен бірге армандары үшін күресіп жатқан адамдарды таптым. Адамның арманы болса, алға ұмтылуға ынтасы артып, арманын жүзеге асыруға тырысады. Заңгер болу арманым менің алға қарай бағыт беретін бағдарым болып табылады және мен осы мақсатыма жету үшін жұмыс істеймін.Заңгер бола отырып, мен көптеген адамдарға көмектесе аламын. басқаларға көмектесу және көп жұмыс істеу барысында өзімнің құндылығымды түсінемін.
қазақ тілі мамандығының студенті Яң Сионан