Менің мамандығым--Шолпан
25 October 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
Менің мамандығым
Мен қазір Шанхай Шет Тілдер Университетінде оқып жатырмын.Менің мамандығым қазақ тілі,ал мен ағылшын тілі және орыс тілін де үйренуім керек.Мамандығымда жеті студент пен үш мұғалім бар,олардың барлығы мейірімді және жылы шырайлы адамдар. Мен Әр аптасына үш рет үш жарым сағаттан қазақ тілі сабағына қатысамын.Біздің мамандықтың сабақтары дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 8:15-те басталып, 11:35-те аяқталады.Осы екі семестрде менің кәсіби сабақтарым негізінен грамматикаға, диалогқа, мәтінге және сөздікке бағытталған.Менің мамандығымның міндеті ауыр, мен сабақтан кейін қайталау және бекіту үшін көп уақыт бөлуім керек.Тілді меңгеру мәтіндерді көп оқуды, қайталауды қажет етеді, бұл уақытты көп жұмсайтын процесс. Сондықтан бір нәрсеге қол жеткізу үшін көп оқуым керек. Уақыт алтыннан да қымбат деген бір мақал бар.Менің ойымша, бұл мақал өте орынды,біз университетте саналы түрде кәсіби білім алуымыз керек.Ақыр соңында,адам мен адамның айырмашылығы бос уақытын қалай тиімді пайдалануында бейнеленеді.Біз бос уақытымызды босқа өткізгенде, басқалар қатты оқиды,біз білмей тұрып, көп нәрседен қалып қоямыз.Сөйтіп мен мамандығымды үйреніп тырысып жүрмін, мұғалімдер мен ата-анамдың үмітін ақтауға тырысамын.Тіл үйрену өте қиын процесс, мен университетте жақсы оқып, елге, қоғамға пайдалы адам болағым келеді.
қазақ тілі мамандығының студенті Яң Сионан