Уақыт – алтыннан да қымбатты---Құралай


26 September 2022 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Уақыт – алтыннан да қымбатты ---Құралай

Меніңше, әрбір адам үшін уақыт алтынға бергісіз, сондықтан уақытты тиімді пайдалануымыз керек. Ал қазір мен өз уақытымды қалай қолданатыным туралы ойыммен бөлісейін! 

Біріншіден, күн тәртібін жақсы жоспарлауымыз өте маңызды. Өткен семестрдің басында менде көп сабақтар және жұмыстар бар еді. Уақытымды қалай жақсы пайдалануды мүлдем білмейтінмін. Сондықтан мен әр түнде келесі күнгі жұмысты дәптерге жазып, алдын ала жоспар жасайтынмын. Осылай жасағаннан кейін маған берілген тапсырмаларды шатастырмай оларды өз маңыздылығы бойынша реттеп өмірімді жөнге келтіре алдым. Бұл уақытымызды тиімді қолданудың бізге тигізген пайдасы деп айтуға болады.

Екіншіден, бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшейік. Осылайша біз бәрін өз қолымызда ұстай аламыз. 

Үшіншіден, қиын нәрсемен шұғылдануды бастаудан қорықпайық! Әйтпесе, уақытымыз босқа кетеді. Мен бір мысал келтірейін, өзім үшін ұзын орысша мәтінді жаттау өте қиын, бірақ егер мен қорқыныштан мәтінді жаттай бастамасам, уақытымды да босқа кетіремін(浪费), орысша деңгейімді де көтере алмаймын. Қазақ тіліндегі көз қорқақ қол батыр деген мәтел бекер айтылмаған. Сондықтан біз міндетті түрде жолдағы кедергілерге қарамай өз мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.

Қорыта айтқанда, сағат ұры сияқты, өміріміз оның шықылдағымен бірге біртіндеп бізден алыстайды, ал кеткен уақытымыз ешқашан қайта келмейді, сондықтан таңғажайыпты күтпей, таңғажайыпты өзіміз әрекет жасап іздеп табайық!

 

Уақыт алтыннан да қымбатты, біз оны қастерлеуіміз керек!

Қазақ тілі мамандығының студенті Ваң Цзинсюян

 

 

 

 

 

бөлісу: