Демалыс күндері/Бос уақыт---Құралай


26 September 2022 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Менің бос уақытым өте аз. Мен дүйсенбіден жұмаға дейін қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің сабақтарына қатысуым керек. Демалыс күндері/Бос уақытымда көбінесе досыммен спортпен шұғылданумен және кино көрумен айналысамын. Сенбі күні түске дейін құрбыммен кітапханада үй тапсырмасын мұқият орындаймын. Содан кейін біз қаланың орталығындағы сауда сарайына барып , дәмді тамақ жеп , өзімізге ұнайтын киноны немесе драманы көреміз. Ол күні билеттер арзан сатылады. Күн батқанша метромен жатақханаға қайтамыз. Жексенбі күні мәтіндер жаттаған соң досыммен үш сағатқа созылатын бадминтон ойнаймын. Кешкі тамақтан кейін мен әдетте университетте музыка тыңдап серуендеймін. Досым менімен хабарласса, мен онымен бірге баскетбол ойнаймын. Одан кейін кешкі сағат тоғыз және он бір арасында келесі аптадағы сабақтарға дайындаламын. Мен үшін бос уақыт негізінен спортпен айналысуға және өмірден ләззат алуға арналады. Спортпен шұғылдану арқылы мен көп үздік адамдармен таныстым. Уақыт болса, біз үнемі бір-бірімізбен жақсы кітап және алған қызықты жаңалықпен бөлісеміз. Сондықтан мен бос уақытымды өте бағалаймын/аялаймын.

 

Қазақ тілі мамандығының студенті Ваң Цзинсюян

бөлісу: