Менің мамандығым және арманым---Құралай


26 September 2022 | By 哈萨克语(kk) | SISU

 

       Менің атым Құралай, қазақ тілі және әдебиеті деген мамандықта оқып жатырмын. Мүмкін мамандығым соншалықты кең таралмаған/ көп адамға танымал емес. Бірақ осы мамандық арқылы мен бірталай білім алып, тамаша мұғалімдер мен сыныптастармен таныстым. Ең маңыздысы, тіл үйрену маған қатты ұнайды, сондықтан мамандығым шынында сүйікті ісім деп айтуға болады, яғни тіл үйренуге әуестенемін. Шет тілдерін үйрену барысында мен ләззат алып , көз аямды кеңейтемін. Қанша тіл білсең, сонша адамның өмірін сүресің—деп ағай сабақта бізге айтқан. Мен бұл пікірмен өте келісемін, сондықтан мен міндетті түрде тіл үйренетін жолда әрі қарай жүруге тырысамын. 

 

    Армансыз адам——қанатсыз құспен тең деген нақыл сөз шын айтылған, ал көп адамдарға қарағанда,  мен бақыттымын, себебі мамандығым арманыммен тығыз байналасты. Шетелдіктерге қытай тілін үйрететін мұғалім болуды армандаймын. Мамандығымнан алған біліммен көбірек адамдарға қытай тілін үйренуге және қытай мәдениетін түсінуге қол ұшын бергім келеді. Осы жолда көп қиындыққа душар болатын шығармын , бірақ мен сүйіспеншілік пен тынымсыз күш-жігерге сүйенсем, арманыма жете алатыныма сенемін!

 

     Әуесқойлығымды өз кәсібіме айналдырып, сонымен бірге әлемге үлес қосамын. бұл әлемдегі ең бақытты іс деп ойлаймын.

                                                                                 Қазақ тілі мамандығының студенті Ваң Цзинсюян

бөлісу: