Үй /Пәтер/ Түр және талғам---Құралай


26 September 2022 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Далада қанша қызық болса да, соңында бәрі бір үйге қайтуымыз керек. Әркімнің үй талғамы әртүрлі. Мен үшін қоршаған орта қолайлы болатын және толық жабдықталған үй немесе пәтер - ең жақсы талғам.

 

Қазір мен әке-шешеммен көп қабатты үйдегі пәтерде тұрамын. Пәтеріміз 16-қабатта,көлемі 180 шаршы метр. Пәтерде үш жарық жатын бөлме бар. Күн батқанша қызғылт күн сәулесі бөлмені толтырады. Ас үйдің көлемі 15 шаршы метр, әкеме тамақ пісірудің тұрмыстық техникасы қатты ұнайды. Қазір біз осы пәтерде бақытты тұрып жатырмыз.  Сонымен қатар, көршілеріміз өте қонақжай және мейірімді адамдар, демалыс күндері олар мені пәтеріне шақырып бірге тамақтанамыз. Карантин кезінде бір бірімізге көмектесетінбіз. Жақсы көрші алыс туыстан қымбатты деген қытай мақалы бар, қазақша айтқанда алыстағы туыстан жақындағы көрші артық. Сондықтан пәтер таңдауыма көршінің қасиеттері әсер етеді.

 

Бірақ әртүрлі адамдардың талғамы бірдей емес. Ағам үшін жаңа үйден пәтер жақсы. себебі пәтерге қарғанда жеке үйде тұрса қоршаған орта тынышырақ болады. Сондықтан ол қазір бақшамен қоршалған жеке үйде тұрады және ол көп қабатты үйдегі пәтерді ұнатпайды.

 

  Қорыта айтқанда, дүниеде ең дұрыс таңдау жоқ, тек бізге ең қолайлы талғам бар. Сондықтан өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдау және алу мүмкіндігі өте бақытты іс есептеледі.

                                                                Қазақ тілі мамандығының студенті Ваң Цзинсюян

бөлісу: