Дүкенде/Киім---Құралай


26 September 2022 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Жексенбі күні мен құрбыммен бірге қаланың орталығындағы сауда сарайына бардым. Бұл сауда сарайының екінші қабатындағы киім дүкені продажа жасап жатыр. сондықтан көп жеңілдік бар еді, біз қуанышты көңіл күймен киімдерді киіп көрдік. Дүкен қызметкері бізге түрлі киімдерді таныстырып тәтті сусын және десерт берді. Құрбыма осы дүкендегі киім қатты ұнады. Онда отандық киімдер де, шетелдік киімдер де сатылады, олардың сапасы да өте жақсы. Бірақ шетелдік киімдер өте қымбат еді. Бір француз көйлегі құрбымның көзіне түсіп құрбыма өте жарасқанымен, ана көйлектің бағасы тым жоғары болғандықтан құрбымның қалтасы көтере алмады. Ең соңында ол сол көйлекті сатып алудан бас тартуға мәжбүр болды. Мен дүкенде екі отандық пальто киіп көрдім және сатып алдым.

Ақша төлегеннен кейін мен құрбыммен үшінші қабаттағы кафеде тамақтандым. Сол кезде құрбымның көңілі онша көтеріңкі емес екенін байқадым. Бұның себебі маған айқын еді. Сондықтан мен сауда сарайынан шықпас бұрын дүкенге қайта кіріп, өз ақшаммен құрбыма жоғарыда айтылған француз көйлегін сатып алдым. Бұл туралы білгенде ол қатты тебіренді/ әсерленді. Болашақта ақша тапса, маған әлемдегі ең жақсы киім сыйлайтынын айтты/сыйлаймын деп айтты.

Бірақ мен үшін онымен достығым дүниедегі ең қымбат нәрсе, оны ақшамен өлшеуге болмайды.

                                                            Қазақ тілі мамандығының студенті Ваң Цзинсюян

бөлісу: