Қытайдың Жаңа туған нәрестелер туралы дәстүрлері - Асылбек


30 November 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  Қытайлықтар да, қазақтар да балаға үлкен мән береді, сондықтан нәресте туғанда олардың ұлттық салт-дәстүрлері өте көп болады. Қазақтың тұсау кесу деген дәстүрі бар, енді сіздерді қытай дәстүрімен таныстырайын.

 Толық ай тойы – нәресте бір айлық болғанда ұйымдастырылатын тойЕжелгі уақытта қытайлықтар нәрестелер туғаннан кейін бір ай бойы тірі болса, олар үлкен қиындықты жеңеді деп ойлайды. Бұл уақытта олардың ата-аналары тойлау үшін әдетте толық ай рәсімін өткізеді. Бұл тойға адамдар туыстары мен достарын шақырып, бәрі бірге нәрестелеріне жақсы тілектерін айтады. Шақырылғандар нәрестелеріне сыйлықтарды алдын ала дайындауы керек. Сыйлықтар киім, зергерлік бұйымдар болуы мүмкін. Бұл күні нәрестеге шаш қию қажет.

  Сәбилер әдетте бір жаста жүре алады. Осы уақытта ата-анасы балаға тағы бір рәсім өткізеді. Бұл рәсімде ата-аналар еденге қалам, кітап, тамақ сияқты заттарды қояды. Сәбилер осы заттардың бірін таңдайды. Адамдар сәбитаңдаған зат бойынша оның болашағын болжайды. Мысалы, адамдар қалам таңдаған сәбилер өскенде жақсы оқиды деп ойлайды. Мұндай рәсім қытай тілінде «抓周» деп аталады. Ол қытайда ежелгі уақытта өте танымал болды. Бірақ қазіргі адамдар ырымшыл болмайды. Сондықтан адамдар бұл рәсімді сирек өткізеді.

    Қазақтың осылай салт-дәстүрлері болуы мүмкін. Бұл дәстүрлер халықтың жаңа туған нәрестелеріне деген тілектерін білдіреді.

бөлісу: