Жастарға қатысты мәселелер -- Шолпан


05 December 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Жастарға қатысты мәселелер

Жастар—мемлекеттің болашағы, әр замандағы жастардың өз дилеммалары бар. Заман дамыған сайын жастар қоғамның талабына сай өздерін дамытады, бірақ біздің ұрпақ әсіресе даулы болып көрінеді. Менің ойымша, бұл мүмкін қазіргі жастардың тап болған мәселелеріне байланысты.

Қазіргі жастар әртүрлі қысымдарға тап болып жатыр, мектепте оқыған кезде жақсы университеттерге түсу немесе мінсіз жұмыс табу үшін бәсекелестік ортада кідіріссіз тырысады. Ал қоғамға кірген соң, тұрмыстық құны жоғарылаған және еңбек нарығындағы бәсекелестік күшейген сайын, жастар тағы жұмыс іздеуде белгісіздік пен қысымдарда зардап шегеді. Осылай бола тұрса да, көптеген үлкендер жастардың қиыншылығын түсіне алмайды, керісінше жастардың өздері тырыспайды деп кінәлайды. Шындығында жағдай мүлдем басқаша.

Қазіргі жастардың психологиялық денсаулығына да көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік медианың көбірек қолданылған және виртуалды әлемнің пайда болуынан, интернеттегі әртүрлі ақпараттар жастардың сыртқы келбеті мен академиялық біліктілігіне қатысты алаңдаушылығы сияқты үлкен мазасыздық тудырады. Сонымен қатар әлеуметтік медианың әртүрлі жақсы-жаман ақпараттары жастарға өзін төмен санаушылық әкеліп, олардың өзіне деген сенімділігіне кері ықпал етеді. 

Заманауи қоғам адамдарға қарым-қатынас орнату үшін көбірек мүмкіндік берсе де, жастар әлі де жалғыздықты сезінеді. Жеке жоспарлар мен болашақ даму мақсаттарының айырмашылықтарына байланысты көптеген жастар уақыт өте келе жатқан сайын достарынан біртіндеп алыстап кетеді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамның жылдам қарқыны мен бәсекелестік қысымы жастардың өміріне әртүрлі міндеттерді қояды. Олар оқу және жұмысқа көптеген уақыт арнағандықтан, өздерін әлеуметтік қызметке арнауға уақыт пен күші жетіспейді. Сондай-ақ, адамдар арасындағы сенімнің төмендеуі жастарды бейтаныс адамдармен оңай достық орнатудан қорқытады.

Қысқасы, әр замандағы жастардың өз қиындықтары бар, ең бастысы, жастарға жұрттың көмектері және түсініктері керек. Егер адамдар оларды көбірек қолдап, олардың тап болған қысымдарын жеңілдетуге көмектессе, жастардың жақсырақ дами алатынына қатты сенемін.

бөлісу: