Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Шаңхай шет тілдер университетінде Қазақстан Орталығы құрылды


16 December 2015 | By 哈萨克语(kk) | SISU

2015 жылы 16 қарашада Шаңхай шет тілдер университетінде Қазақстан Орталығы құрылды. Бұл академиялық зерттеулер мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты толығымен жүзеге асыруға арналған Орталық есептеледі. Бұл орталықты Шаңхай шет тілдер университеті, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның («Болашақ» стипендиясының ресми әкімшісі) бірлесіп құрғаны хабарланды.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығыметов және Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Қыраубаев Жошыхан, Шанхайдағы Ресейдің Бас консулы Алексей Евсиков, Беларусьтің Шанхайдағы Бас консулы Валерий Мацель және Өзбекстанның Шанхайдағы Бас консулы Саидкамол Ағзамходжаев ашылу салтанатына қатысты. Университетіміздің Ресей зерттеу орталығының директоры Ван Нин, Орыс тілі факультетінің партком хатшысы Дай Дипин, Халықаралық мәдени алмасу институның директоры Чжан Янли, халықаралық қатынастар және қоғам институтының директоры Гуо Шуйонг, Сыртқы ынтымақтастық және алмасу басқармасы директорының орынбасары Ван Чжэн, Ресей зерттеу орталығының орынбасар директоры Ян Бо, өзбек тілі кафедрасының меңгерушісі У Айжун және Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы, Фудан университеті, Шығыс Қытай педагогикалық университеті, Шанхай университеті және басқа да университеттің өкілдері де қатысты. Ашылу салтанатына Шаңхай шет тілдер университетінің орыс тілі мамандығының деканы Чжан Цзили төрағалық етті.

   Шанхай шет тілдер университетінің партия комитетінің хатшысы Цзян Фэн Хонгкоу кампусының конференц-орталығының VIP залында қазақстандық қонақтармен кездесіп, Қазақстанның Қытайдағы елшісімен және Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілдерімен Қазақстан Қытай мен Қазақстан арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы терең пікір алмастырды.

Сағат 10.00-де конференц-орталықтың залында Шанхай шет тілдер университетінің Қазақстан орталығының ашылу салтанаты жүргізілді, Партком хатшысы Цзян Фэн, елші Шахрат Нұрышев және Ғани Нығыметов сөз сөйледі және ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Цзян Фэн өз сөзінде әр саланың өкілдеріне ризашылығын білдіріп, Қазақстан орталығының құрылуының маңызы зор екенін, ШШТУ Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасулар мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты толық қолдайтынын айтты. Шанхайдағы және шет елдердегі аймақтық және ұлттық мәселелерді зерттеуді күшейту, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасулар мен білім саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуде үлкен жетістіктерге жету университеттің мақсаты екенін білдірді.

Нұрышев мырза өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік салалардағы жетістіктеріне шолу жасап, Қазақстанның 2050 стратегиясы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық жоспарымен таныстырып, Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру мақсатына қол жеткізсе, Қытаймен экономикалық ынтымақтастық пен алмасу өте қажет екенін атап көрсетеді. Елші Қытайдың «Бір жол, Бір белдеу » бастамасы туралы ұсынысына ризашылығын білдірді және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық байланыстың маңызды бөлігі екенін айтты. Соңында елші Шанхай шет тілдер университетін Қытайдағы Қазақстан орталығының алғаш құрылуымен тағы да құттықтап, Қазақстан Елшілігі Қазақстан орталығының құрылуына, ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы ынтымақтастығына белсенді түрде қолдау көрсететінін, сондай-ақ Қазақстан орталығының бірқатар жобаларын кітаптар, басылымдар және журналдармен қамтамасыз ететінін айтты.

Нығыметов мырза Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Шанхай шет тілдер университетінің арасындағы Қазақстан орталығын құру бойынша ынтымақтастық тарихына шолу жасап, Қытайдың күш-жігерін жоғары бағалайтынын білдірді. Екі тарап болашақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастық және таланттарды оқыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Бұдан кейін де ШШТУ Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасулар мен ынтымақтастықты дамытуда күш салады.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading