Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің делегациясы университетімізде іс сапарда болды

19 April 2018 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің делегациясы университетімізде іс сапарда болды

2018 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің делегациясы Шанхай шет тілдер университетінің Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтына келді.

Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры Сюй Хун құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық делегация мүшелерін бір-бірден таныстырды. ал Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқарма төрайымы Шамшидинова Күләш ханым Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жалпы жағдайын таныстырды. Мектептің өнер мен ғылымға бірдей мән беріп, оқушыларды өз бетінше ізденуге, ынта-жігерін толық жұмылдыруға және оқушылардың сабақтан тыс өмірін байыту сияқты түрлі инновациялық және практикалық іс-шараларды жүзеге асыруға ынталандыратынын атап өтті.

Кездесу барысында Шәмшидинова Күләш ханым университетімізге сыйлықтарын тарту етті, сыйлықтардың ішінде өлең жинақтары, өлең оқу дискілері және қазақтың классикалық әндерінің компакт-дискілері бар.

Осыдан кейін делегация мүшелері университетіміздің студенттерінің қазақ тілінде сұраған сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар негізінен оқуға, сабақтан тыс жұмыстарға және Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы айырмашылықтармен байланысты болды.

Соңында ШШТУ қазақ тілі мамандығының студенттері қазақша ән шырқап және қазақтың әйгілі «Үш Бақытым» өлеңін жатқа оқып, қонақтардың жоғары бағалауына ие болды.

Осы реткі кездесу арқылы студенттер Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларының білім беру жүйесін және қазіргі жағдайын түсініп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан мәдениетінің қазіргі жағдайы туралы түсінігін арттырғанын айтты.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading