Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Лекция: Қазақстанның ұлттық даму стратегиясы және Қытай мен Қазақстанның Жібек жолы экономикалық белдеуін бірлесіп құруы туралы талқылау

30 September 2018 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • Лекция: Қазақстанның ұлттық даму стратегиясы және Қытай мен Қазақстанның Жібек жолы экономикалық белдеуін бірлесіп құруы туралы талқылау

25 қыркүйекте Шанхай шет тілдер университетінің Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының оқытушысы Вэй Цзиньшен мырза «Қазақстанның ұлттық даму стратегиясы және Қытай мен Қазақстанның Жібек жолы экономикалық белдеуін бірлесіп құруы туралы талқылау» тақырыбында лекция оқыды.

Лекция бес бөлімнен тұрады. Олар: Қазақстанның ұлттық даму стратегиясы мен сыртқы саясаты, Қазақстанның ұлттық қажеттіліктерін талдау, «Нұрлы жол» мен Жібек жолы экономикалық белдеуі арасындағы стратегиялық байланыстың негізі, дүп келіп отырған мәселелер және осы мәселелерді шешудегі саяси ұсыныстар. 

Вэй Цзиньшен мырза алдымен Қазақстанның қалыптасу және даму тарихына тоқталып, студенттерге Қазақстан туралы түсінік берді. Азияның орталығында Қытай және Ресеймен іргелес жатқан Қазақстан жан-жақты дипломатиялық стратегияны қалыптастырды. Сонымен қатар, негізгі ұлттық шарт-жағдайға сәйкес Қазақстан «Қазақстан 2030» және «Қазақстан 2050» стратегияларын дәйекті түрде тұжырымдады.

«Бір Белдеу Бір Жол» мен «Нұрлы Жол» бастамасы арасындағы байланысқа қатысты Вэй Циньшен мырза алдымен бұл жоспардың саясат, қауіпсіздік, экономика және сауда салаларында жүзеге асырылу мүмкіндігін көрсетті, сонымен қатар екі бастаманың бір-бірімен сәйкесу процесіндегі ықтимал қиындықтарды атап өтті. Мысалы, Қазақстанның ішкі саяси жағдайы мен экономикалық жағдайының өзгеруі т.б..

Соңында Вэй Циньшен мырза жоғарыда аталған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын да ортаға салды. Ұлттық деңгейде екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары тиісті заңнаманы жетілдіруге ықпал етіп, ынтымақтастық үшін сәйкес институционалдық негізді қамтамасыз етуі керек. Кәсіпорын деңгейінде Қытайдың Қазақстандағы кәсіпорындары да қазақ халқының сеніміне ие болу үшін жергілікті жердегі жұмысын жақсартуы керек. Мемлекет пен кәсіпорындардың бірлескен қатысуымен және көптеген субъектілердің бірлескен іс-әрекетімен ғана Жібек жолы экономикалық белдеуінің тиісті тетіктерін шын мәнінде жетілдіруге болады.

Лекциядан кейін Вэй Циньшен мырза студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға толығымен жауап берді және оның халықаралық көзқарасы студенттердің қошеметіне бөленді.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading