Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Қазақстан Назарбаев университетінің өкілдері университетімізде іс-сапарда болды


24 April 2019 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

19 сәуірде Қазақстан Назарбаев Университетінің Халықаралық қабылдау комиссиясының басшысы Қарабаева ханым бастаған делегация Шанхай шет тілдер университетінің Ресей, Шығыс Еуропа және Орта Азия институтында іс-сапарда болды. Ресей, Шығыс Еуропа және Орта Азия институтының директорының орынбасары Ци Синь, Орта Азия тілдері факультетінің деканы У Айжун делегация өкілдерімен кездесті. Екі тарап бірқатар студенттермен алмасу, таланттарды оқыту т.б. ынтымақтастық мәселелері бойынша достық келіссөздер жүргізді..

Қарабаева ханым Назарбаев Университетінің Қытаймен, әсіресе Шанхай университеттерімен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті. Ци Синь мырза Қытайдағы қазақ тілі мамандықтары бойынша білім беретін бакалавриат оқу орны ретінде ШШТУ ынтымақтастық үшін жақсы әлеуетке ие екенін айтып өтті, сонымен қатар, университетіміздің Назарбаев Университетімен ынтымақтастыққа дайын екенін және студенттер алмасу және таланттарды оқыту сияқты ынтымақтастық мәселелері бойынша достық пікірлермен алмасты.

Кездесуден кейін делегация өкілдері Қазақ тілі мамандығының студенттерімен кездесті. Қарабаева ханым студенттердің жаңа дәуірде Қытай-Қазақстан алмасуының хабаршысы және Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының ілгерлетушісі болатынына сенім білдіре отырып, студенттерге үлкен үміт артатынын айтты.

Соңында институтымыздың басшылары, оқытушылары және студенттері делекация өкілдерімен суретке түсті.

 

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading