Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Халықаралық социологиялық зерттеулер және Орталық Азия жастары бойынша әлеуметтік сауалнаманың зерттеулері


23 April 2019 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • Халықаралық социологиялық зерттеулер және Орталық Азия жастары бойынша әлеуметтік сауалнаманың зерттеулері

  • Халықаралық социологиялық зерттеулер және Орталық Азия жастары бойынша әлеуметтік сауалнаманың зерттеулері

Университетіміздің 70 жылдығын мерекелеу мақсатында Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының Орталық Азия факультеті 17 сәуір күні Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтының директоры Рақышева Ботагөз Исләмқызын университетіміздегі студенттерге баяндама жасауға шақырды.

Ботагөз Исләмқызы «Халықаралық және трансұлттық социологиялық зерттеулер: әдістер және негізгі нәтижелер» және «Орталық Азия жастары бойынша әлеуметтік сауалнаманың зерттеулері» тақырыптарында баяндама жасады.  

Бірінші Баяндамада Ботагөз ханым әртүрлі елдердегі аймақтық және елдік зерттеулердің арнайы әдістері мен практикалық тәжірибесі туралы жан-жақты баяндап берді, содан кейін оқиғаларға, көрші елдермен қарым-қатынасқа және «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысты Қазақстанның маңызды тарихи Нақты көзқарастарын түсіндірді. Сонымен қатар жиі қолданылатын бірнеше трансұлттық әлеуметтік зерттеулер ресурстық веб-сайттарды тізіп берді және осы веб-сайттардың көмегімен біз әртүрлі елдердегі әлеуметтік сауалнаманы зерттеу есептерінің ерекше сипаттамаларын түсіне алатынымызды және одан әрі адамдардың әртүрлі әлеуметтік мәселелерге болған көзқарастарын талдай алатындығымызды атап өтті. Одан кейін профессор нақты цифрлар арқылы Қазақстанның соңғы жылдардағы шетелдік капиталды енгізу жағдайын, басқа елдерге танымдық қызығушылық дәрежесін, Кеңес Одағының ыдырауы, Қытайдың «Бір белдеу, Бір жол» бастамасын қолдау жағдайы және осы туралы өз көзқарасын айтып өтті.

Екінші баяндамада профессор «Орталық Азия жастары бойынша әлеуметтік сауалнаманың зерттеулері» тақырыбына негізделген Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан жастарының әлеуметтік сауалнама нәтижелерінің топтамасын таныстырды. Жастардың дайындық деңгейі, жастардың бейімділігі. болашақта еңбек ету, жастардың көп көңіл бөлетін тұлғалық қасиеттері, жастардың саяси оқиғаларға қызығушылығы және саяси оқиғаларды түсінудің негізгі жолдары т.б. мәселелерді талдады. Бұл қатаң және егжей-тегжейлі сауалнама нәтижелері біздің Орта Азиядағы жастарды неғұрлым шынайы, дәл және жан-жақты түсінуімізге, Орта Азияның басқа елдеріндегі әлеуметтік дамудың болашақ тенденциясы, реформалары және прогрестің қайнар көзін анық көруімізге мүмкіндік береді. 

Ботагөз ханымның баяндамасы тыңдаушыларға терең әсер қалдырды, олардың Қазақстанды және Орта Азия жастарын одан әрі түсінуіне мүмкіндік берді. 

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading