Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Қазақстанның ұлттық тарихы және Қазақстандағы мемлекеттік қызмет


23 April 2019 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • Қазақстанның ұлттық тарихы және Қазақстандағы мемлекеттік қызмет

  • Қазақстанның ұлттық тарихы және Қазақстандағы мемлекеттік қызмет

  • Қазақстанның ұлттық тарихы және Қазақстандағы мемлекеттік қызмет

Шанхай Шет Тілдер университетінің 70 жылдығын мерекелеу мақсатында Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының Орталық Азия факультеті 18 сәуір күні Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталықтың басшысы Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызын университетіміздегі студенттерге баяндама жасауға шақырды.

Айгүл Кәкімбекқызы өзінің кәсіби саласы мен жұмыс тәжірибесін біріктіріп «Қазақстанның ұлттық тарихы, дәстүрлі әдет-ғұрыптары және даму мәртебесі» тақырыбында баяндама жасады. Профессор алдымен Қазақстанның даму тарихына қысқаша сипаттама беріп, елдің тарихи үдерісіндегі көп ұлтты алмасу мен интеграцияның айрықша ерекшеліктеріне тоқталды, содан кейін тарихи дәстүрлер мен әлеуметтік статус-кводан бастап, Қазақстанның этникалық бірегейлікті қорғау және нығайтудағы қазіргі күш-жігерін түсіндірді. Профессор көп ұлт өкілдерімен тең өмір сүру, ынтымақ және ортақ дамудың негізгі қағидасын атап өтті. Содан кейін Қазақстан Ұлттық конгресін егжей-тегжейлі таныстырды, осылайша тыңдаушылардың Қазақстанның Тарихи дәстүрлерінен бастап әлеуметтік статус-квосына дейін толығымен түсінуіне мүмкіндік берді. 

Одан кейін Айгүл ханым «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: даму тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында дәріс оқыды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласының жүйесі, меритократияның іріктеу тетігі мен принциптері, бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік қызмет институттарының даму процесі мен тенденциясы, барысы, кемшіліктері мен артықшылықтары, қиындықтары мен мүмкіндіктеріне тоқталды. 

Профессордың баяндамасы университетіміздің оқытушылары мен студенттеріне терең әсер қалдырды және олардың Қазақстан мен Орталық Азия туралы түсінігін жан-жақты жетілдірді.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading