Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Қазақстан жастар өкілі делегациясы Шанхай шет тілдері университетінің Қазақстан зерттеу орталығына келді


20 September 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • 6

 

2024 жылдың 14 қыркүйегінде Шанхай шет тілдері университетінің Қазақстан зерттеу орталығына Қазақстан жастар өкілі делегациясы келді. Делегация Қазақстанның жетекші партиясы «Аманат» жанындағы жастар ұйымы «Жастар рухы» мүшелерінен құрылған. Делегация құрамында Қазақстан парламентінің депутаттары, Қазақстан жергілікті өкілдері мен жастар ұйымдарының жетекшілері бар.

Шанхай қаласына сапар барысында делегация Шанхай шет тілдері университетінің Қазақстан зерттеу орталығына сапарлауды ерекше талап етті. Орталық 2017 жылдың маусымында құрылған және ол Қытай Халық Республикасының оқу-ағарту министрлігінің аймақтық зерттеулер бойынша тіркелген орталығы болып табылады. Құрылғалы бері орталық Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарымен академиялық алмасу және үздіктер даярлау салаларында кең көлемде ынтымақтастық орнатып, елеулі жетістіктерге жетті. Ол Қазақстанда жоғары бедел иеленді.

Кездесу Шанхай шет тілдері университетінің Қазақстан зерттеу орталығының директоры, профессор У Айжун(吴爱荣)ның жетекшілігімен өтті. Шанхай қалалық сыртқы істер басқармасының Азия және Океания бөлімінің орынбасары Юй Цзини(俞静毅), бөлім бастығы Цянь Илин(钱逸苓), Шанхай шет тілдері университетінің Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының партия комитеті хатшысы Ши Хуа(施桦), халықаралық ынтымақтастық бөлімінің орынбасары Ма Саң(麻桑), Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының деканының орынбасары Ци Синь(齐昕), Қазақстан зерттеу орталығының директоры У Айжун(吴爱荣) және басқа да қонақтар кездесуге қатысты.

Шанхай шет тілдері университетінің Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының партия комитеті хатшысы Ши Хуа(施桦) өз сөзінде Қытай мен Қазақстанның достық қарым-қатынасын нығайту, өзара сенімділік пен ортақ мүдде негізінде бірегей ортақ тағдыр қауымдастығын құруға ұмтылып жатқанын атап өтті. Делегацияның сапары екі елдің жастарына қымбатты алмасу мүмкіндігін ұсынып отыр.

Қазақстан зерттеу орталығының директоры профессор У Айжун(吴爱荣) делегацияға орталықтың жұмысын және Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен жүргізілетін ынтымақтастық жобаларын егжей-тегжейлі таныстырды. Орталық құрылғалы бері Қазақстанның Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті сияқты көптеген жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып Қазақстан мен Қытайдан 30-дан астам ғалымдарды шақырып халықаралық академиялық конференцияларды және лекцияларды ұйымдастырды.

Қазақстан жастар өкілі делегациясының жетекшісі Қуанышбекова Ж.Д. орталықпен кездесуде өзінің зор қуанышын білдіріп, орталықтың қазақ тіліндегі үздіктер даярлау және ғылыми-зерттеу бағытындағы белсенді жұмыстарын жоғары бағалады. Ол екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді тілей отырып, достық қарым-қатынас одан әрі дамиды деп үміттенетінін білдірді.

Сонымен қатар, Шанхайдың жаһандық басқару және аймақтық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Линь Вэньсин(林文昕)делегацияға Орталық Азиядағы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастық туралы ақпарат берді. Кездесу барысында Шанхай шет тілдері университетінің үздік студенттері белсенді түрде сұрақтар қойып, Қазақстан делегациясының мүшелерімен екі елдің экономикалық және сауда қатынастары, урбанизация сияқты тақырыптар бойынша қызу пікірталас жүргізді.

Қазақстан жастар өкілі делегациясының бұл сапары Қытай мен Қазақстан жастары арасындағы байланыс пен түсіністікті нығайтуға зор ықпал етті. Шанхай шет тілдері университетінің Қазақстан зерттеу орталығы қазақ тіліндегі үздіктер даярлау, ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастық бағытында өз жұмысын жалғастырады және екі елдің мәдениетаралық ынтымақтастығы мен академиялық алмасуын дамытуға өз үлесін қосады.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading