1
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China
Further Reading
Өзбекстанның Самарқанд мемлекеттік шет тілдері университетіндегі Конфуций институты «Конфуцийдің ғылыми философия мұрасы және Жібек жолы бойындағы халықаралық және ұлттық құндылықтар» атындағы халықаралық ғылыми конференция өткізді
10 November 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
Самарқанд уақыты бойынша, 2024 жылдың 25-26 қазанында Өзбекстанның Самарқанд мемлекеттік шет тілдері университетінде ХІХ «Конфуцийдің ғылыми философия мұрасы және Жібек жолы бойындағы халықаралық және ұлттық құндылықтар» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияны Шанхай шет тілдері университеті (әрі қарай «ШШТУ») және Өзбекстанның Самарқанд мемлекеттік шет тілдері университеті (әрі қарай «СамШТУ») бірлесе ұйымдастырып, Самарқанд мемлекеттік шет тілдері университетінің Конфуций институты (әрі қарай «СамШТУ Конфуций институты») өткізді. Қытай, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және басқа да елдерден 200-ден астам ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ Конфуций институтының оқытушылары мен студенттері осы конференцияға қатысты.
Конференцияның ашылу рәсімінен бұрын СамШТУ Конфуций институтының оқытушылары мен студенттері қатысушыларға керемет мәдени бағдарлама және қойылымдар ұсынды.
Конференцияның ашылу салтанаты мен баяндамалар СамШТУ Конфуций институтының директоры, профессор Шахриёр Сафаров және ШШТУ Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры, профессор Сюй Хун(许宏)ның бірігіп жүргізуімен өткізілді. СамШТУ ректоры Холиков Баходир мен ШШТУ проректоры И Юнган(衣永刚) ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Холиков өз сөзінде 2015 жылдан бері ШШТУ мен СамШТУ бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолындағы көпқұндылық» атындағы халықаралық ғылыми конференциясының 10 жылға толып, екі мәдениеттің арақатынасы мен өзара құрметтің нығаюына үлес қосқанын атап өтті. Ол сондай-ақ СамШТУ Конфуций институтының Өзбекстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасуды дамытудағы маңызды рөлін жоғары бағалады.
И Юнган(衣永刚) өз кезегінде Қытай мен Өзбекстанның жаңа дәуірде толық стратегиялық серіктестікке өткенін атап өтіп, білім беру және мәдени алмасудың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы маңыздылығын тілге тиек етті. Ол ШШТУ-дің көптілді, көпсалалы және мәдениетаралық қызметтерінің негізінде СамШТУ-мен бірге Конфуций институтының жаңа бетін ашу үшін жұмыс істейтінін жеткізді.
Конференция барысында Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы шетел әдебиеті институты, Бейжің университеті, Қытай халық университеті, Чжуншань университеті, Сучжоу университеті және ШШТУ-дың ғалымдары әр түрлі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
ШШТУ өкілдерінің атынан И Юнган(衣永刚) Қытай халықаралық қытай тілі білім беру қорының өкілі ретінде Шахриёр Сафаровты «Конфуций институтының директорының естелік медалімен» марапаттады. Бұл СамШТУ Конфуций институтының дамуына қосқан ұзақ мерзімді үлесін және маңызды еңбегін мойындау болды.
Бұл халықаралық ғылыми конференцияның табысты өтуі Конфуцийдің ғылыми философия мұрасының зерттелуіне және Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы қытай тілін үйрету, мәдени алмасу мен ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Болашақта Самарқанд мемлекеттік шет тілдері университеті Конфуций институты мәдени алмасудың көпірі ретінде өз жұмысын жалғастырып, Қытай мен Өзбекстан, сонымен қатар бүкіл Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаруды мақсат етеді.
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China