Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Шанхай шет тілдер университеті мен Өзбекстанның Самарқанд мемлекеттік шет тілдер университеті бірігіп орнатқан Конфуций институты директоры Конфуций институты директорының естелік медалімен марапатталды


18 October 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

Биыл Конфуций институты құрылғанына 20 жыл болды. 27 қыркүйекте, Қытай халықаралық Қытай тілін оқыту қоры ұйымдастырған әлемдік "Конфуций институты күні" мерекелік шарасы Бейжіңде өтті. Шанхай шет тілдер университеті мен Өзбекстанның Самарқанд мемлекеттік шет тілдер университеті бірігіп құрған Конфуций институтының (бұдан әрі "Самарқанд ҚИ") Өзбекстандық директоры Шахриёр Сафаров (Shakhriyor Safarov) "Конфуций институты директорының естелік медалімен" марапатталды. Бұл марапат 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен және Конфуций институтыларының дамуына елеулі үлес қосқан шетелдік және қытайлық директорларға беріледі.

Шахриёр Сафаров – Өзбекстанның атақты тілтанушысы, 2005-2011 жылдары Самарқанд мемлекеттік шет тілдер университетінің ректоры болды. 2014 жылы мамыр айында Самарқанд ҚИ құрылысын бастауға кірісіп, Сафаров бірінші шетелдік директор болып тағайындалды. Онжылдың ішінде ол қытайлық директормен бірге Самарқанд ҚИ-ның толыққанды басқарылуын қамтамасыз етіп, 7000-нан астам студентке оқыту курстарын ұйымдастырды, 200-ден астам студентті Қытайға білім алуға жіберді, 120-дан астам іс-шара ұйымдастырып, 27000-нан астам қытай тілін үйренуші мен жергілікті тұрғындардың қатысуын қамтамасыз етті.

Самарқандтың мектептерінде қытай тілін оқытуды одан әрі дамыту мақсатында Сафаров Ұрғут қаласының 41-ші мектебі сияқты бірнеше оқу орындарын құрып, Қытай тілін оқыту бағдарламасын кеңейтті. Институттың жергілікті қоғамдастыққа интеграциясын қамтамасыз ету үшін Сафаров жыл сайын Конфуций институтының мұғалімдерімен бірге жетімдер үйі, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептер сияқты әлеуметтік мекемелерді қолдап, жақсы әлеуметтік ықпал қалдырды. "Бір белдеу – бір жол" ауқымды бастамасын қолдау мақсатында, Сафаров жыл сайын "Ұлы Жібек жолындағы көпмәдениетті құндылықтар" атты халықаралық ғылыми конференцияны ұйымдастыруға кіріседі. Ол тоғыз жыл қатарынан өткізілді және Самарқанд ҚИ-ның негізгі ғылыми брендіне айналды.

2017 жылдың қараша айында, Қытайдың Өзбекстандағы елшісі Сунь Лицзе(孙立杰) Сафаровқа Қытай-Өзбекстан достығының озық үлесі марапатымен Конфуций институтындағы жұмысының нәтижелері үшін марапаттады.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading