1
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China
Further Reading
2024 жылғы Ұлттық жоғары оқу орындары арасындағы орыс тілі байқауында Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия институтының студенттері тамаша жетістіктерге қол жеткізді
01 November 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
2024 жылғы 25-27 қазан аралығында Қытайдың Харбин қаласында Ұлттық жоғары оқу орындары арасындағы орыс тілі байқауы өтті. Шанхай шет тілдер университетінің Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының екі қатысушысы іріктеу кезеңіндегі жазбаша емтиханнан жоғары ұпай жинап, офлайн форматтағы жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финал мен финал кезеңдерінде олар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып, ШШТУ студенттерінің беделін лайықты түрде қорғады. Шэн Жэнь(盛任) төменгі курс студенттері арасында екінші орынға ие болса, У Цзюньин(吴俊颖) жоғары курс студенттері арасында екінші орынды иеленді.
Ұлттық жоғары оқу орындары арасындағы орыс тілі байқауы – Қытай мен Ресей арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық аясындағы жүйелі жоба. Аталған шара Қытай Халық Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және алмасу департаментінің ұйымдастыруымен өтеді, ал бұл жолғы жарысты Хэйлунцзян университеті ұйымдастырды. Байқауға елдің 165 жоғары оқу орнынан 409 студент, соның ішінде орыс тілі мамандығының бакалаврлары мен магистранттары қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: іріктеу кезеңі, жартылай финал және финал. Ол төменгі курс, жоғары курс және магистратура топтарына бөлінді. Барлық университеттер өздерінің үздік студенттерін жарысқа қатыстырды. Бірінші, екінші және үшінші орын иегерлеріне Қытайдың Мемлекеттік стипендиялар кеңесінің хатшылығы Ресейде тәрбиеленуге немесе оқуын жалғастыруға толық грант береді.
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China