Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Шанхай шет тілдер университеті әлемдік қытай тілі конференциясына қатысты: байланыс және бірігу, мұраны жаңарту


21 November 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • 6

  • 7

  • 8

  • 9

2024 жылғы 15-17 қарашада Бейжіңде Ұлттық жиналыс орталығында 2024 жылғы әлемдік қытай тілі конференциясы өтті. Конференцияның тақырыбы "Байланыс және бірігу, мұраны жаңарту" болды, Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпин(习近平)2024 жылғы әлемдік қытай тілі конференциясына құттықтау хат жолдады және Конфуций институтының 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Қытай Халық Республикасының Вице-президенті Хан Чжэн 韩正 ашылу салтанатына қатысты. 160-тан астам ел мен аймақтан 2000-ға жуық үкімет өкілдері, университет ректорлары, ғалымдар, мұғалімдер мен студенттер конференцияға қатысты. Шанхай шет тілдері университетінің проректоры И Юнган衣永刚конференцияға шақырылды.

Конференция барысында И Юнган衣永刚 әр Конфуций институтының қытайлық директорларымен кездесу өткізіп, университеттермен бірігіп құрылған Конфуций институттарына байланысты жетістіктерін мақтады. Ол Конфуций институтының 20 жылдық мерейтойында барлық институттар одан әрі дамып, өркениетті сақтау мен түсіністікті арттырудағы көпір рөлін жалғастырып, халықтарға қытай тілін үйрену және Қытайды танып білу бойынша көп деңгейлі, жан-жақты және дәл қызмет көрсетуге мүмкіндік беруі тиіс деп үміттенетінін білдірді.

Университетіміздің Қытай мен араб елдері арасындағы реформа мен даму орталығының хатшысы Ван Гуанда王广大 «Қытай және араб тілдері мен мәдениеттері форумында» негізгі баяндама жасап, Қытай мен араб елдері арасындағы мәдени алмасу мен өзара түсіністікті дамытуға арналған орталықтың рөлін талқылады. Ол араб елдерінің шенеуніктері үшін ұйымдастырылған оқыту курстары, «Қытайтану» бағдарламалары, Қытай мен араб елдері арасындағы реформа мен даму форумдары сияқты алмасу тәсілдері арқылы жас ғалымдарды біріктіру және екіжақты мәдени диалогты нығайту үшін интеллектуалды қолдау көрсету жұмыстарын атқарды.

Конференция барысында Халықаралық қытай тілі тесті (HSK) бойынша әлемдік серіктестердің конференциясы өтті. Конференция барысында әлемнің түкпір-түкпірінен қытай тілі тестіне үлкен үлес қосқан 19 адам марапатталды. Шанхай шет тілдері университетінің қытай тілі институты мен Халықаралық мәдениет алмасу институтының партия комитеті хатшысы Чжан Янли张艳莉 2023 жылғыдай қайтадан жеке «Үздік үлес» сыйлығын алды. Ол сондай-ақ "Қытай тілі тесті мен халықаралық кадрларды даярлау" тақырыбында параллель форумда негізгі баяндама жасады.

Шанхай шет тілдері университеті қазіргі таңда Италия, Жапония, Перу, Венгрия, Испания, Марокко, Өзбекстан, Грекия сияқты 8 елдің жоғары оқу орындарымен және мекемелерімен шетелдегі Конфуций институттарын бірлесіп құрды. Шанхай шет тілдері университеті Перу католик университетімен бірлесіп құрған Конфуций институты «2024 жылғы HSK үздік емтихан орталығы» атағын жеңіп алды. Перу католик университетінің вице-президенті Эдуардо Исмодес Каскон (Eduardo Ismodes Cascón) «Халықаралық қытай тілін оқыту бойынша үздіктерді даярлау» және «Халықаралық қытай тілін оқытуға негізделген еріктілердің кәсіби дамуы және бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбында баяндамасын жасап, Шанхай шет тілдері университеті жіберген еріктілердің Конфуций институтында көптеген сабақтар жүргізгенін, олар оқытқан 2550-ден астам студенттің жоғары бағасын алғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Шанхай шет тілдері университеті мен Шанхай шет тілдері тәрбие баспасы 2024 жылғы «Алтын жүлде» жобасының бағалауында «Алтын жүлде жобасының серіктес ұйымы» атанды; біздің университет пен баспа ұсынған «Қытайдың жүз сұрағы» (Лу Циньин)鹿钦佞, «Қытай туралы ақпарат»(Чэн Аймин)程爱民, «Қытай мифологиясы» (Чжан Ичэн)张熠程«Алтын жүлде курсы» марапатын алды. «Конфуций институты» журналының бас редакторы Чжан Сюэмэй张雪梅 «Конфуций институтының жұмыс сарапшылар тізіміне» енгізілді.

Конференция барысында И Юнган衣永刚 Шанхай шет тілдері тәрбие баспасының стендін аралап шықты; Перу католик университетінің жетекшілігімен кездесіп, екі университет арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Шанхай шет тілдері университетінің Конфуций институтының жетекшісі Фэн Хуэй冯辉, Шанхай шет тілдері тәрбие баспасының вице-жетекшісі Хуан Вэй黄卫, Шанхай шет тілдері университетіне тәуелді мектептің проректоры Хан Хунли杭虹利, ШШТУ-мен бірлесіп құрылған Конфуций институттарының жетекшілері мен институттың қытайлық және шетелдік директорлары конференция мен кейбір форумдарға қатысты.

Соңғы жылдары Шанхай шет тілдері университеті Қытай мен шетелдер арасындағы мәдени алмасуды дамытуға қызмет етуді өзінің басты міндеті ретінде қабылдап, шет тілдерін оқыту мен аймақтық зерттеулерге баса назар аударып, халықаралық қытай тілін оқытуға ықпал ету және өркениеттер арасындағы алмасуды күшейту үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Университеттің ұзақ мерзімді оқу және зерттеу тәжірибесіне сүйене отырып, ол әртүрлі қытай тілі оқулықтарын шығарып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған шетел студенттеріне қытай тілін және осыған қатысты бағдарламаларды оқытады, бұл елдегі ең үлкен оқу орындарының бірі болып табылады.

Шанхай шет тілдері университеті халықаралық қытай тілін оқытуға, халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейтуге, қытай тілін үйренуге және қытай мәдениетін танып-білуге шетелдік студенттерді тартуға, әртүрлі елдер мен аймақтар арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қытайда білім алуды ұсынатын брендті дамытуға үлес қосуға тырысады.

Конференция аясында Қытай халықаралық қытай тілі бойынша білім беру қоры ұйымдастырған және Шанхай шет тілдер университеті қолдаған «Конфуций институты» көптілді журналында 20 жылдық мерейтойына арналған арнайы шығарылым ұсынылды. Бұл шығарылымда әлемнің түкпір-түкпіріндегі Конфуций институттарының қытайлық және шетелдік директорлары, студенттер мен қытай тілін сүйетіндер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, қытай тілін оқыту, үйрену және тарату барысындағы құнды естеліктері мен суреттері арқылы мәдениетаралық үйлесімділіктің тамаша сәттерін көрсетті.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading