Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading

Бірінші орын алдық! Университетіміздің оқытушылары тоғызыншы Шанхай қаласы оқытушыларына арналған каллиграфия бойынша байқауында жоғары жетістіктерге жітті


03 November 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU

  • 1

  • 2

  • 3

Қазанның 26-ы күні Шанхай қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған 9-шы Шанхай мұғалімдерінің каллиграфия, тақталық жазу және қаламсаппен жазу байқауы Шанхай екінші өнеркәсіп университетінде өтті. Шанхай білім беру жүйесінің әртүрлі жоғары оқу орындарынан, аудандық білім беру кәсіподағынан (соның ішінде орта арнаулы білім беру кәсіподағы) және басқа да тікелей ұйымдардан 400-ге жуық қатысушы өзара бақ сынасты, жаңа дәуірді жазып, жаңа бейнесін көрсетті. Университет деңгейіндегі іріктеуден кейін, біздің университетіміздің жастар комитетінің өнер білім беру орталығының оқытушысы Чжоу Цзысян(周子翔) және кітапхана қызметкері Хэ Сюцюань(何秀全) қала деңгейіндегі байқауға қатысуға ұсынылды. Чжоу Цзысян жоғары оқу орындары арасындағы сайыста үздік шығып, каллиграфия саласы бойынша бірінші орынға ие болды, ал ШШТУ кәсіподағы «Үздік ұйымдастыру сыйлығы» марапатын алды.

Шанхай мұғалімдерінің каллиграфия байқауы тоғызыншы рет өткізілді және байқау бірлескен тапсырмалар мен еркін шығармашылық жұмыстарды қамтитын екі бөлімнен тұрады. Бұл байқау қатысушылардың каллиграфиялық шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл байқау Шанхай білім беру жүйесінің белгіленген іс-шарасы және брендтік жобасына айналды. Іс-шара заман талабына сай өтіп, еңбек пен дағды сайыстарының негізгі талаптары мен басты тақырыбын көрсету арқылы мұғалімдердің күшті педагогикалық негізі мен жоғары жазу шеберліктерін көрсетеді.

бөлісу:

Press Contact

SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs

Tel : +86 (21) 3537 2378

Email : news@shisu.edu.cn

Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China

Further Reading