1
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China
Further Reading
Ресейдің Президент жанындағы ұлттық экономика және мемлекеттік басқару академиясы проректорының Шанхай шет тілдері университетіне жасаған сапары
01 November 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
Қазанның 23-і күнгі түстен кейін, Ресейдің Президент жанындағы ұлттық экономика және мемлекеттік басқару академиясы проректоры Сергей Мясоедов (Sergey Myasoedov) бастаған делегация Шанхай шет тілдері университетіне (ШШТУ) келді. Делегацияны ШШТУ проректоры Ча Миньцзян(查明建)Сунцзян кампусындағы Халықаралық білім беру орталығында қабылдады.
Ча Миньцзян алдымен Сергей Мясоедов пен делегация мүшелерін қарсы алып, олардың сапары үшін ризашылығын білдірді. Ол ШШТУ мен Ресей Президент жанындағы ұлттық экономика және мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастықтың өткен тарихын және жетістіктерін еске алып, екі оқу орны арасындағы профессор-оқытушылар мен студенттер алмасуы, ғылыми салаларды дамыту сияқты бағыттар бойынша әрі қарайғы ынтымақтастықты тереңдетуге үмітін білдірді.
Мясоедов өз кезегінде ШШТУ-нің қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, Ресей Президент жанындағы ұлттық экономика және мемлекеттік басқару академиясының оқу бағыттары мен ғылыми салаларындағы күшті жақтарын таныстырды. Ол басқару ғылымы, аймақтық және ұлттық зерттеулер, сондай-ақ танымдық нейробиология сияқты аралас салаларда ШШТУ-мен терең әрі көпжақты ынтымақтастық орнатуға үміт артатынын айтты.
Кездесу соңында Мясоедов пен делегация мүшелері Шанхай қалалық ми және машина өзара әрекеттесуі мен ақпараттық мінез-құлыққа арналған негізгі зертхананы аралап көрді.
Шанхай жаһандық басқару және аймақтық зерттеулер институты, Халықаралық бизнес басқару институты, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу департаментінің өкілдері кездесуге қатысты.
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China