1
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China
Further Reading
Өзбекстанның Самарқанд Мемлекеттік Шетел тілдері институтында 2024 жылғы Кеңес отырысы өтті
09 November 2024 | By 哈萨克语(kk) | SISU
Жергілікті уақыт бойынша 2024 жылғы 25 қазан күні Өзбекстанның Самарқанд Мемлекеттік Шетел тілдері институтында (бұдан әрі «СамШҚИ») 2024 жылға арналған Кеңес отырысы Самарқанд Мемлекеттік Шетел тілдері институтының жаңа кампусында өтті. Шанхай Шет тілдері университетінің проректоры И Юнган(衣永刚), Самарқанд Мемлекеттік Шетел тілдері институтының проректоры Отабек Ғайбуллаев және барлық Кеңес мүшелері қатысқан жиынды СамШҚИ Қытай бөлімі жетекшісі Шахриёр Сафаров жүргізді.
И Днган өз сөзінде, СамШҚИ құрылғаннан бері,тол Қытай тілін оқытуға, Өзбекстан мен Қытай арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және екі елдің өзара түсіністігін арттыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ, СамШҚИ 2017 жылы Өзбекстандағы Қытай елшілігінен «Қытай-Өзбек достығы үшін үздік үлес» марапатын алғанын айтты. Биыл СамШҚИ құрылғанына 10 жыл толған кезде, Қытай Оқу-ағарту министрі Хуай Цзинпэн(怀进鹏) маусым айының басында СамШҚИ-ге келіп, институттың жетістіктеріне жоғары баға бергенін атап өтті. Ол Конфуций институтының жетістіктері СамШҚИ тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында мүмкін болғанын және болашақта екі университеттің ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түсетінін және кең ауқымда дамитынын айтты.
Отабек Ғайбуллаев өз сөзінде Қытай тарапын жылы қарсы алатынын білдіріп, Қытай тарапынан көрсетілген қолдау үшін рақмет айтты. Ол Конфуций институтын ортақ даму мен ынтымақтастық үшін маңызды алаң деп санайтынын, екі университеттің пәндер бойынша құрылымдарын кеңейту, үздіктер даярлау, оқытушылар алмасу, ғылыми ынтымақтастық сияқты бағыттарда үлкен серпіліс жасайтынын және екі университет арасындағы байланыстарды нығайтуды үміт ететінін айтты.
СамШҚИ Қытай бөлімінің жетекшісі Лю Тао(刘涛) Кеңес мүшелеріне 2024 жылғы жұмыс туралы есеп берді. Ол осы жылы СамШҚИ-дің дамуы оң қарқынмен жалғасып жатқанын және негізгі кампус пен оқу орындарында 800-ден астам студенттің білім алып жатқанын айтты. Сондай-ақ, жақында жергілікті білім беру ұйымдары мен Қытай компанияларымен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіліп, Конфуций институтының Қытай тілін оқыту ауқымы кеңейтілетіні туралы болжам бар екенін жеткізді. Сонымен қатар, осы жылы өткен «СамШҚИ-нің 10 жылдық мерейтойына арналған» іс-шаралар Конфуций институтының жергілікті қауымдастықтағы беделін арттырды.
СамШҚИ Өзбекстан тарабының директоры Шахриёр Сафаров СамШҚИ-ге көрсетілген көмектері үшін Шанхай Шет тілдері университетіне алғыс айтып, институттың 10 жылдық жетістіктеріне негізделе отырып, институтты дамыту мен қолданыстағы жағдайларды оңтайландыру бағытында алдағы уақытта да жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Соңында екі тарап институттың тұрақты дамуы мен екі университет арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша пікір алмасты және ортақ келісімге келді.
Шанхай Шет тілдері университетінің атқарушы бөлімшелерінің жетекшілері мен факультет декандары осы жиынға қатысты.
Press Contact
SISU News Center, Office of Communications and Public Affairs
Tel : +86 (21) 3537 2378
Email : news@shisu.edu.cn
Address :550 Dalian Road (W), Shanghai 200083, China